БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ЦИФРЛЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАТИВТІ МӘДЕНИЕТІ

Жарияланды 2024-07-09
ПЕДАГОГИКА Нөмір 69 № 3 (2022)
№3 (2022)
Авторлар:
  • Б.Т.КЕРИМБАЕВА
  • Ж.И.САТБАЙ
  • К.М.ЖАНТЛЕУОВА
PDF (Russian)

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге
бағыт алды. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру
парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.
Қоғамда желілік қарым-қатынас дағдыларын, ең алдымен кәсіби деңгейде меңгеруі керек мамандар саны артып
келеді. Сондықтан болашақ мұғалімнің цифрлық сауаттылық және желілік коммуникативті мәдениетті болуы өте
қажет талаптардың бірі болып саналады.
Коммуникативтік дағдылар мұғалімнің жоғары теориялық және практикалық дайындығына негізделген
саналы коммуникативті әрекеттер кешені ретінде әрекет етеді. Олардың жиынтығында мұндай дағдылар мен
қабілеттер педагогикалық қарым-қатынас техникасын құрайды немесе мұғалімнің коммуникативті мәдениетінің
технологиялық жағын сипаттайды.
Қазіргі білім тек құрылымдық және көп қабатты құбылыс қана емес, сонымен қатар желілік сипатқа ие.
Желілік коммуникация – білім беру жүйесін дамытуға, қалыптастыруға, жинақтауға, ақпаратты тарату және
сақтау, оқытушы мен тыңдаушылардың өзара әрекеті. Ол білім беру қызметтері мен технологияларын
экспорттауға жағдай жасай отырып, мәдениетаралық кеңістікті кеңейтуге ықпал етеді.

болашақ мұғалім, цифрлық сауаттылық, цифрлық мәдениет, цифрлық технология, желілік коммуникативтік мәдениет

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ЦИФРЛЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАТИВТІ МӘДЕНИЕТІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 69(3). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/250

Жүктеу сілтемесі