ОРТА СЫНЫПТАРДА ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ БӨЛІМДЕРІН ОҚЫТУДА ЖӘНЕ ОҚУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Жарияланды 2024-07-04
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА Нөмір 73 № 3 (2023)
№3 (2023)
Авторлар:
  • Б.Ж. ОМАРОВА
  • Н.Н. ТИЛЕСОВ
  • Ж.Т. ХОДЖАБАЕВА
PDF

Ықтималдықтар теориясы соңғы жылдарда қарқынды түрде дамып жатқан ғылымдардың бірі. Әрі қазіргі уақытта ықтималдықтар теориясы ғылымда және қолданбалы бағытта маңызды рӛл атқарып отыр. Ықтималдықтар теориясын мектеп математика курсына енгізу маңыздылығы және оқыту тек Қазақстанда ғана емес, барлық мемлекеттердегі ӛзекті мәселе. Кездейсоқ оқиғалар мен олардың ықтималдықтары туралы түсінік қалыптаспай физика, химия, билогия пәндерін толық меңгеріп, құбылыстар мен процестердің заңдылықтарын түсіну мүмкін емес. Сондықтан бұл мақалада ықтималдықтар теориясы бӛлімдерін орта сыныптарды оқыту мен оқуда туындайтын мәселелер және олардың кейбір шешімдері қарастырылған, мұғалімдерге әдістемелік ұсынымдар, тиімді тапсырмалар жасақталған. Сондай-ақ, оқушыларға ықтималдықтар теориясының анықтамаларының айырмашылықтарын түсінуге арналған бірнеше шығармашылық тапсырмалар құрастырылып, олардың шешу жолдары әдістемелік нұсқаумен келтірілген. Сабақтар ӛткізу барысында ықтималдықтар теориясы элементтерін түсіндіруде оқушыларға ойын технологиясын қолданудың тиімділігі кӛрсетілген. Мақалада ӛмірлік жағдайларда шешімдер қабылдауға кӛмектесетін тапсырмаларды орындатудың тиімділігімен бірге оқушыларға ерте жастан бастап логикалық және ықтималды ойлау, аналитикалық шешімдерді қабылдау, мүмкін болатын шешімдерді анықтау, зерттеу процесстеріне бейімделу қабілеттерін дамытатын бірқатар ұғымдарды, заңдылықтарды, формулаларды меңгеруі керектігі анықталды.

ықтималдықтар теориясы, математика, оқыту және оқу, ықтималды ойлау, шығармашылық тапсырмалар, ойын технологиясы

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ОРТА СЫНЫПТАРДА ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ БӨЛІМДЕРІН ОҚЫТУДА ЖӘНЕ ОҚУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 73(3). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/83

Жүктеу сілтемесі