Қазіргі таңда адамдардың тұрмыс қажеттілігіне пайдаланудағы техникалық дақылдардың маңызы күннен күнге артуда. Әлемдік ауыл шаруашылық жерлерінің көп бөлігі техникалық дақылдарды өсіруге арналған. Жыл сайын олардан өндірілетін тауарлар саны артып келеді.
Мақалада техникалық арпа дақылының маңызына, биохимиясының зерттелу тарихына талдау жасалды, жергілікті техникалық дақылдардың биологиялық ерекшеліктері мен биохимиясы, атап айтқанда арпаның «Илек-36», «Қарабалық 150» сорттары мен «Илек Р-1404», «Илек Р-1302» линияларының биохимиялық, морфологиялық ерекшеліктері қарастырылды. Жылыжай жағдайында өсіріліп, фенологиялық бақылау жасалды. Арпаның «Илек-36» сортының өнгіштігі 98%, «Қарабалық 150» сортының өнгіштігі 93%, «Илек Р-1404» линиясының өнгіштігі 93%, «Илек Р-1302» линиясының өнгіштігі 96%-ды құрады. «Илек Р-1404» линиясындағы негізгі әдіс бойынша белок мөлшері 16,2%, инфраматиктегі көрсеткіш 16,30% болды. «Илек Р-1302» линиясындағы негізгі әдіс бойынша белок мөлшері 16,5%, инфраматиктегі көрсеткіші 16,60% көрсетті. Жоғарыдағы зерттеулер нәтижесі бойынша зерттеуге алынған жаздық арпа сорттарының барлығы жоғары белокті тип болып саналады. Жаздық арпа сорттары мен линиялары тағамдық және малазықтық тұрғыдан қарағанда құнды.
ОТАНДЫҚ СЕЛЕКЦИЯНЫҢ ЖАЗДЫҚ АРПА СОРТТАРЫ МЕН ЛИНИЯЛАРЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
астық-жемдік дақылдар, физиология, биохимия, арпаның сорттары мен линиялары, фенология, дақыл құрылымы, астық сапасы, инфрақұрылым аспабы
ОТАНДЫҚ СЕЛЕКЦИЯНЫҢ ЖАЗДЫҚ АРПА СОРТТАРЫ МЕН ЛИНИЯЛАРЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 72(2). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/81