ФУНКЦИОНАЛДЫ ҚОСПАСЫЗ ТАБИҒИ СУСЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІН ТАЛДАУ

Жарияланды 2025-09-30
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 81 № 3 (2025)
Том 81 №3 (2025)
Авторлар:
  • АЛМАНОВ Ж.Т.
  • ҚОСАЛОВА А.А.
  • НҰРЛЫБАЙҚЫЗЫ А.
PDF

Соңғы жылдары тұтынушылардың жасанды қоспалар, консерванттар, хош иістендіргіштер және де тағы басқа химиялық қосылыстарсыз табиғи тағамдар мен сусындарға деген қызығушылығының артуы байқалды. Салауатты тамақтану, тұрақтылық және азық-түлік қауіпсіздігі туралы хабардарлықты арттыру - органикалық және табиғи өнімдер нарығының дамуын ынталандырады. Алайда, мұндай сусындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасы туындайды, өйткені консерванттар мен тұрақтандырғыштардың болмауы олардың тез бұзылуына, микроорганизмдердің дамуына және органолептикалық сипаттамалардың нашарлауына ықпал етуі мүмкін.

Азық-түлік технологиялары саласындағы ғылыми зерттеулер қауіпсіз табиғи сусын жасау сапалы шикізатты таңдауды, өндірісте қатаң санитарлық нормаларды сақтауды және функционалды қоспаларды қолданбай қауіпсіздікті бақылаудың инновациялық әдістерін қолдануды қамтитын кешенді тәсілді қажет ететінін көрсетеді. Осылайша, табиғи сусынның қауіпсіздігін әзірлеу және талдау мәселелерін зерттеу қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібі үшін өзекті міндет болып табылады. Әсіресе, құрамында табиғи компоненттер ғана бар, иммунитетті нығайтатын және ағзаға оң әсер ететін сусын түрлері кеңінен таралып келеді. Бұл мақалада табиғи ингредиенттерден сусын дайындау рецептурасы және оның микробиологиялық, органолептикалық және физико- химиялық қауіпсіздігі қарастырылады.

АЛМАНОВ Ж.Т.

Ауыл шаруашылық ғылым кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: zhalmanov@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0009-0003-4210-4860

ҚОСАЛОВА А.А.

Студент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: akzhunis03052004@icloud.com, https://orcid.org/0009-0008-1500-3024

НҰРЛЫБАЙҚЫЗЫ А.

Студент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: nurlybaikyzy03@bk.ru, https://orcid.org/0009-0001-4718-5853 

  1. Абдураманов А.А. «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» – Алматы: Қазақ университеті, 2020.
  2. Жумалиева Г.К. «Тағам технологиясының негіздері» – Астана: Фолиант, 2019.
  3. Байжуманова А.Ш. "Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау» – Алматы: Экономика, 2021.
  4. Жұманова М. «Экологиялық таза өнімдер өндірісі» – Алматы: Білім, 2018.
  5. Жүнісов Б., Сағидуллина С. «Функционалды тағам өнімдері технологиясы» – Қарағанды: Bolashak-Baspa, 2022.
  6. Қожамұратова Г. «Тамақ өнімдерінің микробиологиясы» – Алматы: Нұр-принт, 2020.
  7. Қасымова Ә.Б. «Тағам өнімдерінің химиялық құрамы» – Алматы: ҚазҰАУ баспасы, 2020.
  8. Әлімбекова А.Ж. «Табиғи өнімдердің тұтынушыға әсері» – Астана: Еуразия, 2021.
  9. Абылкасимов Т.К. «Сусын өндіру технологиясы» – Алматы: Казахский университет, 2017.
  10. Бектурганова М. «Экологиялық таза тағам өнімдері» – Шымкент: ОҚМУ, 2022.
  11. Тұрсынбаева А.К. «Табиғи сусындар технологиясы» – Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2021.
  12. Ибраева Ж. «Табиғи шырындардың құрамындағы биологиялық белсенді заттар.» – ЕҰУ хабаршысы, 2022.
  13. Жанқұлова Ә.Т. «Сусын өндірісіндегі гигиеналық талаптар» – Ақтөбе: Қ.Жұбанов ат. АӨУ, 2021.
табиғи сусын, табиғи компонент, органикалық көрсеткіш, микробиологиялық көрсеткіш, физика-химиялық көрсеткіш, функционалдылық, мүкжидек