Бұл мақала ағылшын тілі сабағында интербе лсенді әдістерді қолданудың тиімділігін көрсетуге арналған. Бұрыннан қалыптасқан сабақ құрылымына жаңашылдықтарды үйлесімді түрде ендіру қажырлы еңбекті талап етеді. Оқу модульдерінен: белсенді, белсенді емес, интербелсенді түрлерін бөліп қарастыруға болады. Қазіргі қоғам заманауи білім беріп белсенді әдістерді қолдануды қажет етеді. Білім берудің жаңартылған бағдарламасы бойынша интербелсенді сабақ құрылымы дәстүрлі сабақ құрылымынан өзгеше, ол мұғалімнің тәжірибесі мен кәсібилігін талап етеді. Интербелсенді оқытуды ұйымдастырудың негізінде өмірлік жағдаяттар мен рөлдік ойындар, сондай-ақ мәселелер мен жағдаяттарды талдау арқылы бірлескен шешім қабылдау т.б жатады. Оқу процесін белсендіруде топтық жұмысты пайдаланудың маңызы өте зор. Мақалада интербелсенді әдістердің келесі түрлері қарастырылды: диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, қалыптастырушы бағалау әдіс-тәсілдері және дарынды әрі талантты балаларды қоса алғанда, түрлі жастағы балалардың қажеттіліктерін ескеру мақсатында ағылшын тілі сабағында оқуды саралау стратегияларын қолдану. Аталған интербелсенді әдістердің артықшылықтары анықталып, зерттеу нәтижелері оқытушыларға өз сабақтарында білім алушылардың белсенділігін арттыру мақсатында қолдануға ұсынылады. Қазіргі жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін түрлендіре отырып, тиімді жолмен қолдану арқылы әр студенттің өз қабілетіне қарай қолжетімді білімді алуына жол ашуға болады.
НУРФАЙЗОВА Г.У.
гуманитарлық ғылымдар магистрі, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі, Ақтөбе қ., Қазақстан
Е-mail: gokha.90@mail.ru, https://orcid.org/0009-0005-1288-8021
ДАВЛЕТКАЛИЕВА Е.С.
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, директор, Ақтөбе облысы бойынша «Эрудит» әдістемелік орталығы, Ақтөбе қ., Қазақстан
Е-mail: ydavletkaliyeva@inbox.ru, https://orcid.org/0009-0007-2678-8667
- Выготский Л.С. Қоғамдағы сана. (Кэмбридж, MA, Гарвард Университетінің Баспасы). 1978.
- Александер Р. Диалогтік сөйлесуді оқыту: сыныптағы әңгімелесулерді қайта түсіну. Кэмбридж: Диалогос Ұлыбритания. 2004.
- Мұғaлімге арналған нұсқаулық. «Назaрбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. 2016-190 б./ https://school.muscomplexpavl.edu.kz/download/metod_help_teacher/rukovodstvo_teacher.pdf
- Фриман Ж. Ерекше қабілеттілерді оқыту. Кеңсе тауарлары кеңсесі, Лондон. 1998.
- Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз: ТарМУ, 2003.