ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫ

Жарияланды 2024-07-03
ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 71 № 1 (2023)
№1 (2023)
Авторлар:
  • А.Е. ВОРОБЬЕВ
  • А.А. МУСИНА
  • К.П. АМАН
PDF (Russian)

Мақаланың мақсаты - жоғары техникалық білімге тарихи шолу жасау, содан кейін осы
негізде жаңа техникалық мамандықтардың пайда болуына және жоғары оқу орындарында оқу үшін жаңа
техникалық пәндердің енгізілуіне талдау, сәйкесінше болжам жасау, сондай-ақ келешекте мамандықтарды
белгілі бір перспективаға келтіру. Мақсатқа жету үшін кейбір міндеттер шешілді, шолу жасалды және
қорытындылар жасалды. Осы мақаланың мазмұны мен сипаты білім беру әдістерін қолдану саласындағы
ғылым дамуының тарихи бөлігін қамтиды. Бұл берілу деңгейі кейінгі ұрпаққа адамзаттың мәдени және
техникалық өркендеуінің ерекшелігінде одан әрі дамуды болжайды. Ғаламды ашудың күрделілігі және оны
зерттеу қоршаған әлемді зерттеу дәйектілігінің маңыздылығын анықтайды. Қоғамның, экономикалық дамудың
және жеке адамның өміріндегі басқа да маңызды бағыттардың мәселелерін осы аспектілерді түсінбей шешу мүмкін емес. Бұл жағдайда түсіну білім деңгейі қандайда- бір қызмет саласын меңгеріп хабардар болу арқылы
келеді. Қазіргі кезеңдегі техногендік даму техникалық білім беру саласындағы ой-өрісті кеңейтуді, дәстүрлі
пәндерді оқыту тәсілдерін өзгертуді, нанотехнологиялар мен smart технологияларды енгізуді талап етеді.
Осыған байланысты жаңа технологиялардың пайда болуы жаңа мамандықтар мен ғылыми бағыттардың пайда
болуына әкеледі.

Болжау, мамандық, Нанотехнология, Техникалық білім, Smart-технологиялар, Жоғары мектеп, Мамандық.