ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ - ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКАҒА КӨШУ ҚАДАМЫ

Жарияланды 2024-07-10
ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 62 № 4 (2020)
№4 (2020)
Авторлар:
  • А.Е. АНСАПОВ
  • Ж.У. ЖУБАНДЫКОВА
  • М.Н. МОЛДАБАЕВА
PDF

Әлемдік экономика мен әлем халқының ӛсуімен қатар энергияға деген қажеттілік те күрт
ӛсті. Соңғы ширек ғасырда жалпы әлемдік энергия тұтыну 56% - ға артты деп айтуға болады.
2019 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты
22 936 МВт (+4,7%), ал қол жетімді қуат - 19 329 МВт (+2,3%).
Қазақстанда электр энергиясын тұтыну жаңа ӛндірістік қуаттың енгізілуіне, сонымен бірге тұрмыстық
энергияны тұтынудың тұрақты ӛсуіне байланысты жылдан жылға ӛсіп келеді. Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің мәліметтері бойынша 2020-2025 жылдары электр энергиясын ӛндірудің орташа
жылдық ӛсу қарқыны 3,0% құрайды. Алайда электр энергиясын тұтынудың ӛсуі электр энергиясын ӛндірудің
ӛсуіне әкеп отыр, демек, ресурстардың соның ішінде жаңғыртылмайтын ресурстардың кӛп мӛлшері
шығындалады. Бұл жағдайда аса оңтайлы шешім – энергияны үнемдеу саясатына жауапкершілікпен қарау, бұл
ел азаматтарының электр және жылу энергиясын құнттап тұтыну тәртібіне келтіреді.

энергетика, энергияны үнемдеу, энергия тиімділігі, электр стансалары, жасыл энергетика