Қазақстандағы инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үдерісін зерделеу мен талдау негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтендіру тәжірибесі баяу жүруде. Бұл олардың өмірге бейімделу жағдайын әлсіретіп, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті күшейтеді. Осы жағдайды шешуге бағытталған көптеген мемлекеттік шаралардан бөлек, заманауи жағдайларда инклюзивті білімге қол жеткізуді, әлеуметтік инклюзияны және білім беруде ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың жалпыға теңдей білім алуын қамтамасыз етуді ынталандыру және оны дамыту қажет. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың едәуір бөлігін дамуында ауытқуы бар балалар құрайды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, тек 2021 жылдың өзінде республикада дамуында кемістігі бар оқушылар саны – 15238 құрады. Бұл физикалық және ақыл-ой кемістігі бар, соның салдарынан арнайы білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қажет ететін өмірлік шектеулері бар 18 жасқа дейінгі балалар. Елімізде жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді мемлекеттік деңгейде мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру және оны табысты жүзеге асыру маңызды шарттарының бірі. Бұл зерттеу ерекше назар аударуды қажет етеді, өйткені, инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайына талдау жасау арқылы осы саладағы өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылған.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
инклюзивті білім беру, инклюзия, арнайы білім беру қажеттіліктері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 70(4). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/276