ЖАЛПЫҚОЛДАНЫСТАҒЫ СӨЗДЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДА ТЕРМИНДЕНУ ЖОЛДАРЫ

Жарияланды 2024-07-09
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 70 № 4 (2022)
№4 (2022)
Авторлар:
  • КАРАГУЛОВА Б.С.
  • ЖЕКЕЕВА А.Т.
PDF (Russian)

Мақалада заманауи технологиялардың қарқынды дамуына байланысты, сондай-ақ ғылым, білім беру салаларының барлығы да ақпараттық құралдар арқылы жүзеге асуына байланысты қолданылатын тілдік единицалардың басымы ақпараттық технологияларды пайдалануға қатысты сөздер екендігі айтылып, сол ақпараттық технология саласындағы терминдерді жасау барысында терминжасам тәсілдері арқылы жалпықолданыстағы сөздердің терминдену жолдары сөз болады. Ғалымдар ұсынған классификацияға сәйкес, терминдерді құру тәсілдері ақпараттық технологиялар терминдерін құруда өз орнын алады. Әлем тілдері арасында жалғамалы тіл тобына жататын қазақ тілінде жаңа атау жасауда сөз тудырушы жұрнақтардың яғни синтетикалық тәсілдің, жалпы қолданыстағы сөздердің қайта жаңғыруы яғни семантикалық тәсілдің және сөзтіркесімнің яғни синтаксистік тәсілдің қолданылуы терминдерді құруға үлкен үлес қосатындығы сөз етіледі. Жалпы сөздердің терминологиясы көбінесе тілде бұрыннан бар ұғым мен терминологияда аталған ұғым арасындағы кейбір ұқсастықтарға байланысты болып келеді. Бұл заттардың немесе құбылыстардың ұқсастығының, кеңістіктегі не уақыттағы шектестігінің, жақындығының немесе олардың функцияларының ұқсастығына негізделіп жасалады. Сөздердің мағыналық жағынан ұқсастығына қарай, заттың сыртқы түрінің ұқсастығына немесе атқаратын қызметінің ұқсастығына қарай жалпылама қолданылып жүрген сөздер терминденеді. Ақпараттық технологияға қатысты термин сөздердің де жалпы ұлттық сөздерден жасалуы кезінде өзара іштей ұқсас жақтарын көруге болады. Жалпы сөздерді қолдана отырып, әр термин үшін ана тілімізден баламалы эквивалентті табу термин жасаудың негізгі ережесі екендігіне көзіміз жетті.

  1. Аронов Қ.Ғ. А.Байтұрсынов – қазақ тіл білімі терминологиясының негізін салушы // Ахметтану және қазақ филологиясының өзекті мәселелері. А.Байтұрсыновтың 130жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Орал, 2005, 36-38-б.
  2. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы: зерттеулер, оқулық, сөздік, библиография. Алматы: «Сардар», 2014. - 928+16 жапсырма бет
  3. Құрманбайұлы. Ш. Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары. – Астана, 2004 -208б.
Ақпараттық технология, терминжасам, жалпықолданыстағы сөздер, терминдену, синтетикалық тәсіл, синтаксистік тәсіл, семантикалық тәсіл