БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ТӘРБИЕ МӘДЕНИЕТІ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУДАҒЫМОТИВАЦИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Жарияланды 2024-07-09
ПЕДАГОГИКА Нөмір 69 № 3 (2022)
№3 (2022)
Авторлар:
  • Д.Ж. РАМАЗАНОВА
  • Н.Ж. ИСЕМБАЕВА
  • А.С. АБИЛ
  • А.А.УТЕУОВА
PDF (Russian)

Ғылыми мақала мазмұнында авторлар тәрбие мәдениеті мен мұғалімнің адамгершілік
қасиеттерінің оқу мотивациясын арттыруға әсерін, сонымен қатар оқушылардың оқу іс әрекетінің мотивациясын
күшейту мәселесін ашып көрсетеді. Мотивацияға деген қажеттіліктер мен қызығушылықтарға, адамды
белсенділікке итермелейтін ынталандыру түрлері туралы мазмұндалады. Белгілі бір мотивпен әрекетке
ынталандыру мотивация ретінде белгіленеді – бұл белгілі бір мотив үшін арнайы мақсатты күйге жету үшін
әрекетті реттейтін, бағыттайтын және осы бағытты қолдайтын процесс. Кез келген іс-әрекет тиімдірек жүріп,
жоғары сапалы нәтиже беретінін ескере отырып, егер жеке тұлғаның күшті, жарқын, терең мотивтері болса, олар
белсенді түрде, күш-жігерін жұмсап, сөзсіз қиындықтарды жеңуге ұмтылуды тудырады. Авторлар болашақ
мұғалімнің тәрбие мәдениеті деңгейінің жоғарылауына ықпал ететін мотивациялық компоненттің рөліне ерекше
назар аударып, толықтай қарастырған. Сонымен қатар, авторлар ғылыми мақала мазмұнында оқуға деген
ынтаның көрсеткіштерін айқындап көрсетеді, олардың қатарына мысалы, болашақ кәсіби қызметке деген
құндылық қатынасын; мұғалім мамандығына деген қызығушылық; кәсіби ниеттің тұрақтылығы; құндылық
бағдарлары жүйесі және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін толықтай мазмұндап, оларды анықтаудың әдістемелері
ұсынылған.

болашақ мұғалім, мотив, ынталандыру, тәрбиелік мәдениет, қарым-қатынас мәдениеті, әдеп