Бұл мақалада жаңартылған бағдарлама бойынша 8 сыныпқа сабақ беруде жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқыту көрсетілген. Жаңартылған бағдарлама бойынша геометрия сабағына информатика,
сызу пәндерімен кіріктіре отырып, «Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері» тақырыбына сабақ жоспары құрылды. Сабақ басында тақырыпқа сай пәндік және тілдік мақсаттар қойылып, бағалау критерийлері берілді. Сабақ барысында тапсырмалар ЖИГСО, ТӨДК, «Ыстық лебіз», Түрлі-түсті таяқшалар, Құпия зат, ЖАДА, «Егер ... онда...» және тағы да басқа әдістермен берілді. Сабақтың соңы кері байланыс және рефлексиямен қорытындыланды. Сабақ жоспарына саралау жасалды.
жаңа бағдарлама, ЖИГСО, ТӨДК әдісі, бағалау критерийлері, дескриптор, рефлексия, кері байланыс.
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША МАТЕМАТИКА ПӘНІН ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІМЕН КІРІКТІРЕ ОҚЫТУ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 60(2). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/208