ҚӘЗІРГІ ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ ЛЕКЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ

Жарияланды 2024-07-05
ПЕДАГОГИКА Нөмір 65 № 3 (2021)
№3 (2021)
Авторлар:
  • К.К. АЛЬМУРАТОВА
PDF

Мақалада жоғары оқу орындарында сөздік әдістердің танымал түрі – лекцияның мақсаттарының маңыздылығы қарастырылады. Бүкіл химия ғылымдарына арналған жалпы мақсатпен қатар,
әрбір химияның өзіндік пәндік – арнайы мақсаты, одан туындайтын дербес мақсаты болатындығы айтылады. Бейорганикалық химия курсының пәндік – арнайы мақсаты: химия ғылымының ең басты алғашқы ұғымдарының, заңдарының көмегімен студенттердің химиялық ғылыми ойлауын, химиялық көзқарасын қалыптастыру, әрі қарай осы теориялық білімнің негізінде элементтер мен қосылыстардың химиясын түсіндіре отырып, бүкіл ғылымның теориялық және практикалық даму болашағын көрсету болып табылады.
Жоғары мектепте жүргізілетін жалпы және бейорганикалық химия курсы барлық химия пәндерінің беташары екендігі айтылады. Сол себепті химия ғылымдары осы курстың нақты ғылыми қағидаларына негізделеді. Осындай атом-молекулалық ілім, атом құрылысы, периодтық жүйе, ерітінділер, химиялық реакциялар жүруінің кинетикалық және термодинамикалық заңдылықтары секілді базалық теориялық мәліметтер жоғары оқу орындарында көп жағдайда лекция көмегімен жеткізіледі. Ал лекция кезінде пәннің мазмұнын төменгі курс студенттері берік ұғынуы үшін, лекция тиімділігін арттыру үшін, ең бастысы нақты орнықты мақсат, одан туындайтын міндеттер мен оған жетудің құралдары болуы қажеттігі айтылады.

  1. Подласый И.П. Педагогика / И.П. Подласый. – Москва: Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 1999. – 587 с.
  2. Зайцев О.С. Методика обучения химии: теоретический и прикладной аспекты:Учебник для студ.высш.учебн.заведений / О.С. Зайцев. – Москва: Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 1999. – 345 с.
  3. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. Оқулық. Төртінші рет басылуы / Б.А.Бірімжанов. – Алматы: Дәуір, 2011.– 752 б.
  4. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия / Б.А.Бірімжанов, Н.Н. Нұрахметов. – Алматы: Ана тілі, 1991.– 640 б.
химиялық лекция; сөздік әдіс; мақсат; жалпы мақсат; арнайы мақсат; пәндік мақсат; оқыту әдісі; мақсаттардың жіктелуі.