Мақалада бизнесті цифрлық трансформациялау дәуірінде кеңінен қолданылатын «платформалық» бизнес - модельдердің ерекшелігі егжей-тегжейлі талданады, сонымен қатар дәстүрлі бизнесмодельдермен салыстыру механизмі ұсынылады. Бірқатар салаларда платформалық бизнес-модельдер соңғы ғылыми жетістіктерді қолдана отырып, дәстүрлі модельдерді тез арада ығыстыратыны көрсетілген. Электрондық сауда мысалында бизнес-модельдердің өзгеруі қарастырылды. Қазіргі заманғы технологиялар мен виртуалды орта сауда бизнес-моделін оның барлық компоненттерінде өзгертетіні атап өтілді. Сонымен қатар, мақалада платформалық бизнес модельдердің нарыққа терең енуі, тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің бизнес, сауда саттық, тауарларды жеткізу, жабдықтау, өндіру, өткізу іс-әрекеттерін тиімді жолға қояды, және ол жаһандану жағдайында өзекті болып табылатыны талқыланады. Цифрлық платформаны сәтті енгізу үшін, әрбір мүдделі тараптар (тұтынушылар, өндірушілер, өткізушілер) ынталы түрде белсенді жұмыс жасауы қажет.
Қаржылай болсын, бизнестік қызығушылық болсын цифрлық платформада жұмыс жасауға қатысушылар, ортақ шешімге келе отырып қызмет атқарған жағдайда ғана бизнес субьектілері нарықтағы өміршеңдігін жалғастыратыны айқын. Бизнес пен әлеуметтік сала цифрлық технологияларды енгізуге дайын болуы үшін кешенді стратегияларды қолға алу өте маңызды. Осы негізгі тұжырымдар мақалада кеңінен қамтылады.
- Гарифуллин Б.М. Виды бизнес-моделей компаний в цифровой экономике / Б.М. Гарифуллин, В.В. Зябриков // Креативная экономика. – 2019. – Том 13. – № 1. – С. 83-92. DOI:10.18334/ce.13.1.39720
- Бойко И.П. Экономика предприятия в цифровую эпоху / И.П. Бойко, М.А. Евневич, А.В. Колышкин // Российскоепредпринимательство. – 2017. – №7. – С. 1127-1136. DOI:0.18334/rp.18.7.37769.
- Кунцман А.А. Трансформация внутренней и внешней среды бизнеса в условиях цифровой экономики / А.А. Кунцман // Управление экономическими системами. – 2016. – №11(93). – С. 1.
- Кушжанов Н.В. ЕАЭО цифрлық күн тәртібі / Н.В. Кушжанов, М. Дашгин // Қазақстан
- Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының жаршысы . – 2019 – №2. – Б. 55-61. DOI:10.32014/2018.2518-1467.40.
- Collaborative Economy Honeycomb 2 – Watch it Grow. Retrieved from URL: http://www.web-rategist.com/blog/2014/12/07/collaborativeeconomy-honeycomb-2-watch-it-grow
- Управление инновациями. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: URL: https://hbr-russia.ru /innovatsii/upravlenie-innovatsiyami
- Трансформация бизнес-моделей в условиях цифровой экономики: сборник материалов научно-практической конференции. Под редакцией Н.П.Иващенко – Москва : Экономический факультет МГУ имени М.В. Ломоносова, –2018 – 96 с.