9 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНАН АЛГЕБРА КУРСЫ БОЙЫНША IV ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН АЛУЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды 2024-07-05
ПЕДАГОГИКА Нөмір 67 № 1 (2022)
№1 (2022)
Авторлар:
  • А.А. КУЛЬЖУМИЕВА
  • Р.Ж. ТАЛАПБАЙ
PDF (Russian)

Бәрімізге белгілі көп жылдар бойы елімізде бағалау мен баға қою түсінігі бірдей дәрежеде
қолданылып келді. Соның әсерінен оқушының баға үшін оқуы, ал ата-ананың баласының не білгеніне емес
қандай баға алғанына көп назар аударатын болды. «Менің бағам бар, мен бүгін сабақ айтпаймын» деген
оқушылар мен «Сенде баға жоқ, сен сабақ айтуың керек!» деген мұғалімдер қарасы көбейді. Осыдан келіп білім
емес, баға үшін оқу кеңінен тарады.
Бұл мәселелені шешу үшін көптеген жұмыстар жүргізілді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес
білім беру ұйымы жүргізген жұмыс нәтижесінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңартылған
жүйесі әзірленді. Алғаш рет Назарбаев зияткерлік мектептерінде қолданылған критериалды бағалау жүйесі
кезең- кезеңімен еліміздің барлық мектептеріне енгізілді.
Алғашында критериалды бағалау жүйесіне мұғалімдер де, оқушылар да бірден үйрену оңай болмады.
Бірақ уақыт өте келе тиімді жүйе екеніне көз жеткізді. Осыған орай, жаңартылған білім беру бағдарламасы,
соның ішінде критериалды бағалауды оқушыларға тиімді қолдану маңызды болып табылады. Жаңартылған білім
беруге дағдыланып келе жатқан мұғалімдерге қашықтықтан оқыту қиынға соқты, десек те тиімді ізденістердің
көмегімен әдіс-тәсілдерді меңгере алды. Соның ішінде мұғалімдердің бір-бірімен тәжірибе алмасуы үлкен рөл
атқарды. Мақала жас математик мамандарға тағызыншы сынып оқушылары үшін алгебрадан төртінші тоқсанға
жиынтық бағалау жасауға көмегін тигізеді деп ойлаймыз.

критериалды бағалау, тоқсан бойынша жиынтық бағалау, қашықтықтан оқыту, онлайн платформалар, ойлау дағдылары деңгейлері, талдау