ОРТАҚ ЛЕКСИКАНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Жарияланды 2024-07-05
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 64 № 2 (2021)
№2 (2021)
Авторлар:
  • Б.Қ. МҰРАТБЕК
  • Ж.О. ӘМІРҒАЛИ
PDF

 Мақалада қазіргі қазақ және түрік тілдеріне ортақ лексиканың тақырыптық, грамматикалық сипаты қарастырылады. Ортақ тарих, түп негізі бір қазақ-түрік тілдерінде ортақ лексиканың болуы заңды нәрсе. Қазіргі қазақ тілі мен түрік тіліне ортақ сөздердің әртүрлі мағынада болуы әрбір ұлттың заттар мен құбылыстарды өзіндік ұлттық таным, көзқараспен тануымен байланысты. Бір сөздің әр түрлі құбылысты немесе керісінше бір құбылысты әртүрлі сөзбен атауының басты себебі халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенім, кәсіпшаруашылық, табиғаттық-климаттық құбылыстар мен жағдайларға қатысы бар. Белгілі бір объективті шындықты түркі халықтарының әртүрлі тануының басты себебі әрбір ұлттың, тіпті оның өкілдерінің дүниетанымдық ерекшеліктерімен байланысты, бір ұлт өкілдерінің дүниені тануы әрқалай. Дүниетаным адамның көзқарасын, психикасын, логикасын, талғамын, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенімдерін және т.б. қамтиды.
Сондықтан да әрбір ұлт, халық, адам бір формаға бірнеше мазмұн, бір мазмұнға бірнеше форма сиғызуы мүмкін. Лексико-семантикалық топ мүшелері арасында болған өзгерістер сол топтағы сөздердің барлығына бірдей әсер ете бермейді, белгілі бір топ мүшелеріне ғана әсер етеді. Ортақ лексиканың грамматикалық сипаты дегенде, біз
қазіргі қазақ және түрік тілінде дыбыстық өзгеріске түскені, түспегені, мағыналық өзгеріске ұшырап,
ұшырамағаны немесе ішінара мағыналары сәйкесетін сөздерді қарастырдық. 

  1. Раева Г. Түркі тілдеріндегі дыбыс сәйкестіктері. Монография. – Алматы: LPZhasulan, 2019. – 154 б.
  2. Ысқақов А., Сыздықова Р., Сарыбаев Ш. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1966. – 240 б.
  3. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы: Рауан, 1991. – 216 б.
  4. Шарапатұлы Ш. Түркі лексикасының семантикалық деривациясы (түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінің материалдары бойынша). Монография. – Алматы: Кантана-пресс, 2011. – 552 б.
  5. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Оқулық. – Алматы: Ғылым, 2010. – 264 б.
  6. Bayniyazov A., Bayniyazova J., Koç K. Türkiye Türkçesi - Kazak Türkçesi Sözlüğü. – Ankara: Türk Dil Kurumu, 2019. – 594 s.
лексика, семантика, константтар, этимология, диалект, варианттар, ұлт