Сыбайлас жемқорлық мәселесі сананы қылмыстылыққа жетелейді, ҚР дамуына өзінің
кедергісін әкелуде. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алуының тағы бір кері әсері мұндай құбылыс елді
моральдық тұрғыдан жеп қана қоймай , қазақ ұлтының үкіметке және билік органына сенбеуін, құқық қорғау
органдарының қызметін бағаламауын, олардың жұмысына жәрдемдеспеу, елдегі құқықты қорғаудың маңызын
мүлде теріс бағалау сынды пікірлердің дамуына жол береді. Парақорлыққа қарсы саясаттың табыстылығын
ғылымда да, тәжірбиеде де қоғам мәдениетінде және әр тұлғаның санасында көреді. Қазақстанда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуындағы этникалық айырмашылықтарды анықтау үшін, ең алдымен,
азаматтық көзқараспен ел халқының мәдениеті мен менталитеті зерттеледі. Бұл тәсіл елдің бір ұлт - бір
қазақстандықты қалыптастыру жөніндегі стратегиялық мақсаттарына негізделеді. Алайда, Қазақстан сияқты
көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда этносаралық интеграция мен дифференциация жөнінде нормалар
жүйесі мен құндылықтар қалыптасуы мүмкін. Бұл айырмашылықтар этносаралық татулық пен өзара сенімнің
ұлттық үлгісінде қалатын әртүрлілікті анықтайды.
Елбасы көрсеткен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары-қазақ қоғамын жинақтаушы ретінде
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізі. Бұл азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғылыми және білім беру
көшбасшылығы, толерантты ел -зайырлы ел сияқты құндылықтар [2].
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІКТЕРІ МЕН ДАМУ ИНСТИТУТТАРЫ
заңдылық, құқықтық тәртіп,нормативтік акті,құқық нормалары,құқықтық қатынас,құқықтық тәртіп,құқықтық қатынас
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІКТЕРІ МЕН ДАМУ ИНСТИТУТТАРЫ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 67(1). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/151