Мақалада Абай шығармаларының қолжазбасы, нұсқаларындағы ерекшеліктер, олардың текстологиясы мен зерттелуі, оның ішіндегі Мүрсейіт нұсқасының кирилл графикасында транскрипциялануы, оның маңызы мен өзектілігі, қолжазбаның тілдік ерекшеліктерін зерттеу мәселесі қарастырылады. Қолжазбаны әдеби материал ғана емес, тілдің даму тенденциясын көрсететін тілдік материал ретінде ғылыми айналымға енгізу мақсат етіледі. Абай шығармалары, оның қолжазбадағы көрінісі мен текстология мәселелері қазіргі тілдік
тенденциялар тұрғысынан қарастырылып, жазба тілдің қалыптасу, даму көрінісі сипатталып, қолжазбаны оқуда жіберілген олқылықтар шешімін табуға ықпал етері анық. Сонымен қатар отандық төл транкрипциялау жүйесінің жай-күйі, шағатай, араб графикасымен берілген қолжазба мәтіндерді оқудағы қиындықтар туралы сөз етіледі. Қолжазба мәтінінің Абай дәуіріне тән орфографиялық, орфоэпиялық, фонетикалық, грамматикалық,
стилистикалық ерекшеліктері зерттеледі. Атап айтар болсақ, сөздердегі африкаттардың қолданысы, түбірге жалғанған жалғаулардың буын үндестігіне бағынбай жалғануы немесе әркелкі жалғануы сынды бірқатар мәселелер қарастырылып, мысалдар арқылы дәлелденді. Сонымен бірге мақалада 1905, 1907, 1910 жылдардағы Мүрсейіт Бікіұлы қолынан шыққан қолжазбаларды қазіргі кирилл графикасына транскрипциялап, ғылыми көпшіліктің назарына ұсыну мәселесі ғылыми айналымға ұсынылып, жолға қойылып отыр.
- Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. – Алматы, 2014. 15-т. – 296 б.
- Абайдың әдеби хатшысы: Зерттеу мақалалар мен естелік пікірлер. – Семей, 2009. – 196 б.
- Марғұлан Ә. Абайдың жаңа табылған қолжазбалары // «Қазақ ССР ҒА хабарлары» журналы. – 1955. - №5. Б.27-43; Социалистік Қазақстан. – 1955, 21 қыркүйек. Марғұлан Ә. Абайдың Ленинградтағы қолжазбасы // «Әдебиет және искусство» журналы. – 1957. - №3.
- Б.86-89. Марғұлан Ә. Абай қолжазбасы // Қазақ әдебиеті. – 1963, 16 тамыз.
- Малов С.Е. Древние и новые тюркские языки // Известия Академии Наук ССР, том ХІ. «Отделение литературы и языка», 1952, № 2 март-апрель. – 141 с.
- Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 221 б.
- Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. – Алматы: Мектеп, 1967. – 200 б.