ЛИРИКАНЫ ОҚЫТУДА ОҚЫРМАНДАРДЫҢ, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жарияланды 2024-07-04
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 67 № 1 (2022)
№1 (2022)
Авторлар:
  • А.С. КУШКИМБАЕВА
  • А.С. ЖАЛҒАСОВА
PDF

Бұл мақалада әлемнің лирик ақындарына, оның ішінде Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңіндегі айтылатын ойдың кез келген адам түсінбейтінін, лириканың қиындығына осы жерде екендігі айтылады. Лириканы оқытудың өзінің қиындығы ондағы айтылатын сөзді түсіну, ондағы айтылған сөз - ақынның басынан кешкен сезімі екенін, нақты мәселенің айшықтанып көрініп тұрмайтындығы, ол мәселені оқырманның өзі тауып алу керектіігін оқырмандар мен оқушыларға қабылдату үшін Қанипа Бітібаеваның әдістемесі алынады. Ең алдымен теориялық біліммен терең танысу керектігі басты нысанаға алынады. Лирикалық шығарманы талдамас бұрын, оқушылармен жұмыс жасау, өлеңді мәнерлеп оқу, оқушылардан не сезінгенін сұрау, тақырыпқа сай басқа өнер түрлерін қолдану, шығармашылық жұмыс орындау, өзге де шығармалармен салыстыру арқылы оқырман қабылдауын қалыптастыратыны айтылған. Семантикалық карта толтыру арқылы кейіпкер мен кейіпкер прототипін салыстыру оқырман шығарманың көркемдігін анықтайды. Бұл әдісті Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын өткенде қолдану тиімді болатыны айтылған. Бұл мақалада
оқырман – оқырмандар мен оқушылардың жалпы жиынтық атауы. «Автормен сырласып, ой түю» әдісі арқылы Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңінен оқырманның қандай ой түйгенін анықтауға болатындығы көрсетілген.

  1. Жоламанова Т. Көркем шығарманы талдау жолдары: Оқу құралы. Қарағанды: «Ақнұр» баспасы, 2018. - 178 бет
  2. Серкешбаева Г. Мәнерлеп оқу: Оқу құралы. Қарағанды, «Ақнұр» баспасы, 2018. - 2018 жыл
  3. Шунк Дейл Х. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. - 608 бет
  4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. - Алматы: «Рауан», 1997. - 288 бет
Лирика, Эпитет, Метафора, Аллитерация, Ассонанс, Сюжет, Композициялық құрылым