КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ГИБРИДИЗАЦИЯСЫ

Жарияланды 2026-09-30
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ Нөмір 85 № 3 (2026)
Том 85 № 3 2026
Авторлар:
  • АЙТБЕНБЕТОВА А.К.
  • МОЛДАБАЕВА З.М.
  • ИМАНГАЗИНА А.Ә.
PDF

Мақалада қазіргі қазақ тілінің коммуникативтік кеңістігіндегі кірме сөздердің гибридтену үдерісі құрылымдық-сөзжасамдық, морфологиялық, графикалық және социолингвистикалық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – кірме компоненттердің қазақ тілінің лексикалық, сөзжасамдық және грамматикалық жүйесіне бейімделу ерекшеліктерін анықтап, гибрид бірліктердің негізгі модельдерін жүйелеу. Зерттеу материалы ретінде ақпараттық технологиялар, жарнама, қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету салаларындағы қолданыстар, сондай-ақ коммерциялық атаулар мен қоғамдық коммуникацияда кездесетін кірме және аралас құрылымдар алынды. Құрылымдық-сөзжасамдық, компоненттік, контекстік, салыстырмалы, графикалық және социолингвистикалық талдау әдістері қолданылды. Талдау нәтижесінде гибридизацияның бірнеше өнімді үлгісі айқындалды: кірме негіздің қазақ тілінің грамматикалық көрсеткіштерін қабылдауы; кірме түбірдің сөз тудырушы жұрнақтармен тіркесуі; кірме және төл компоненттерден құралған аналитикалық бірліктер; әртүрлі графикалық жүйелердің бір атауда қатар қолданылуы; латын графикасы арқылы қазақша атаудың визуалдық трансформациясы. 19–58 жас аралығындағы 60 респондентке жүргізілген сауалнама атаудың тілдік және графикалық формасы тұтынушының алғашқы қабылдауына, есте сақтауына және мекеме имиджін бағалауына ықпал ететінін көрсетті. Зерттеу қазақ тіліндегі гибридизацияны тек кірме лексиканың көбеюі емес, тілдік жүйенің жаңа коммуникативтік жағдайларға бейімделуінің бір көрінісі ретінде қарастыруды ұсынады.

АЙТБЕНБЕТОВА А.К.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

Е-mail: aitbenbetova74@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-1645-5670

МОЛДАБАЕВА З.М.

Аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

Е-mail: shadi77@mail.ru, https://orcid.org/0009-0002-0560-7007

ИМАНГАЗИНА А.Ә.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

Е-mail: aigul-nurasyl@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-6335-7179

  1. Жамбылқызы М., Есалы, Д. С. Қазақ тіліндегі кірме сөздердің бүгіні мен ертеңі // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2021. – №4 (184). – Б. 24–32. DOI: 10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph3. DOI: https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph3
  2. Ахмет А. Н., Құрманбайұлы Ш. Қазақ тіліндегі будан терминдердің жасалу жолдары // Торайғыров университетінің хабаршысы. Филология сериясы. – 2022. – №4. – Б. 40–50. DOI: 10.48081/FXPI7754. DOI: https://doi.org/10.48081/FXPI7754
  3. Несіпбай А. Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі гибрид терминдердің тілдік ерекшеліктері // Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. – 2022. – №2 (65). DOI: 10.48371/PHILS.2022.65.2.011. DOI: https://doi.org/10.48371/phils.2022.65.2.011
  4. Әшімбаева Н. М. Шеттілдік терминдерді қазақ тілінің заңдылықтарына бейімдеу жолдары // Termincom.kz. – 2022. URL: https://termincom.kz/articles/?id=130&lang=qaz&top_period=all
  5. Дьяков А. И. Причины интенсивного заимствования англицизмов в современном русском языке // Язык и культура. Новосибирск: Наука, 2003. С. 35-43.
  6. Серикбаева А. Д. Виртуалды коммуникациядағы тілдік жаңартпалар: кодификациялау және лексикографиялау. PhD диссертация. – Алматы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2025.
  7. Крысин Л. П. О русском языке наших дней [Электронный ресурс] // Изменяющийся языковой мир. Пермь, 2002. URL:http://www.philology.ru/linguistics2/krysin-02.htm (дата обращения: 21.08.2015).
  8. Володарская Е. Ф. Заимствования как отражение русско-английских контактов // Вопросы языкознания. 2002. № 4. С. 96-118.
  9. Кубрякова Е. С. В поисках сущности языка: Когнитивные исследования. М.: Знак, 2012. 208 с.
  10. Кеңес Б. Қазақ тілінің ақпараттық технологиялар терминологиясындағы будан терминдер // Торайғыров университетінің хабаршысы. Филология сериясы. – 2023. – №3. – Б. 169–180.
  11. Қазақ тілінің ұлттық корпусы. Интернет мәтіндер ішкорпусы; Терминологиялық ішкорпус. – 2024–2026.
  12. Алиева В. Н. Заимствованные экономические термины в лексической системе современного русского языка // Ученые записки Таврического национального университета им. В. И. Вернадского. Сер. Филология. Социальные коммуникации. 2010. Т. 23 (62). № 3. С. 191-195. URL: https://sn-philol.cfuv.ru/wp-content/uploads/2016/12/191-195.pdf
кірме сөздер, гибридизация, терминдер, сөз мағынасы, кірме бірліктер, лексикалық бірліктер