Мақалада математикалық статистика элементтерін Excel бағдарламасы негізінде оқытудың әдістемелік ерекшеліктері жан-жақты қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі қазіргі білім беру жүйесін цифрландыру жағдайында білім алушылардың статистикалық, цифрлық және аналитикалық сауаттылығын қалыптастыру қажеттілігімен негізделеді. Зерттеу барысында Excel бағдарламасының деректерді өңдеу, статистикалық функцияларды пайдалану, формулалармен жұмыс істеу, диаграммалар құру, нәтижелерді визуализациялау және мәліметтерді талдау мүмкіндіктері жан-жақты талданды. Мақалада нақты өмірлік жағдаятқа негізделген «Киберспорт командасына ойыншы таңдау» атты практикалық тапсырма ұсынылып, оның негізінде орташа арифметикалық мән, медиана және стандартты ауытқу ұғымдарын түсіндірудің тиімді әдістері көрсетілді. Практикалық жұмыс барысында білім алушылардың статистикалық мәліметтерді өңдеу, салыстыру, интерпретациялау, қорытынды жасау және негізделген шешім қабылдау дағдыларының қалыптасуына оң әсер ететіні анықталды. Сонымен қатар цифрлық құралдарды қолдану көлемді есептеулерді автоматтандырып, уақытты үнемдеуге, есептеу қателерін азайтуға және оқушылардың назарын алынған нәтижелердің мағынасын түсінуге бағыттайтыны дәлелденді. Зерттеу нәтижелері Excel және Google Sheets бағдарламаларын математикалық статистиканы оқытуда қолданудың жоғары педагогикалық әлеуетке ие екенін көрсетті. Ұсынылған әдістеме оқушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни ойлауын, зерттеушілік қабілетін, цифрлық құзыреттілігін және деректермен тиімді жұмыс істеу мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.
СЕЙЛОВА Р.Д.
Физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Е-mail: roza_seilova@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-4666-8001
АРМАНЖАНҚЫЗЫ Ж.
Магистрант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Е-mail: azh24112004@gmail.com, https://orcid.org/0009-0009-5762-0044
- Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 қаулысы // «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі. URL: https://adilet.zan.kz
- Dani B. Z., Garfield J. Statistical Literacy, Reasoning, and Thinking: Goals, Definitions, and Challenges. The Challenge of Developing Statistical Literacy, Reasoning and Thinking. Dordrecht: Springer, 2004. P. 1–22. DOI: 10.1007/1-4020-2278-6_1.
- Оразмаммедов Й., Байрамсахедова О., Ходжакова Б. Роль статистики и математических методов статистики в развитии экономики. Ceteris Paribus. Ашхабад: Академическое издательство «Научная артель», 2023. № 3. С. 154–156.
- Потапенко Е. С., Глотова А. С. Роль и значение статистики в современном мире. Экономика и социум. 2013. № 4-2 (9). С. 452–454.
- Арутюнян А. Д., Иващенко Е. В. Применение информационных технологий в курсе «теория вероятностей и математическая статистика». Вестник науки. 2023. Т. 2, № 12 (69). С. 641–645.
- Ақанбай Н., Сүлейменова З., Тапеева С. Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың есептерін MS Excel-де шығару: оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2014. 186 б.
