МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІ

Жарияланды 2025-09-30
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 81 № 3 (2025)
Том 81 №3 (2025)
Авторлар:
  • КАИРОВА Б.Е.
  • АМАНИЯЗОВА Б.А.
PDF

Бұл мақалада автор психологиялық субъект тұрғысынан адам ерік жігерінің маңыздылығын батыс ойшылдарының ізденістерімен ұштастыра отыра, адам болмысының құндылықтық мәніне назар аударады. Адамды қарастырудың философиялық тәсілдері жеткілікті. Ежелгі заманнан бері адамның мәндік сипатын, оның өмірдегі орнын  анықтауға ұмтылған философтар болған. Ежелгі Батыс философиясында адам мәселесіне қарай бетбұрыс жасаған алғашқылардың бірі Сократ - адамның мәнін оның моральдық табиғатынан іздеп, оның құндылықтар мәселесімен байланысты екенін көрсетуге ұмтылды, Протогор «дүниенің бар өлшемі адам» деп, бар мәселені шешуде оның қабілет мүмкіндіктерін алға тартты,  ал Шығыс философиясында адам мен табиғат үйлесімділігінен туындаған  «жетілген адамның», моральды-этикалық борышын өтей алатындығына назар аудара отыра, оны құрметтеу, бағалау  керектігін тұжырымдады.       Біздің ойымызша, сондай ізденістердің ішінде философия мен адам психологиясының ықпалдасуы арқылы мәселені тереңірек түсінуге және көптеген жаңа міндеттерді шешуге бағдар беретін жұмыстарға назар аударуға болады. Мақсатымыз адам болмысының мәнін басқа ғылымдардың ізденістеріне жүгіне отыра түсіндіру.       Қазіргі таңда орын алып отырған мәселелер қатарында, қанша жылдар өтсе де адамды қоршаған мазасыздықты көреміз: өз еркіндігінен бас тартып, оны тіпті қажет болған жағдайда  әртүрлі ықтимал диктаторларға беріп қоюы, немесе оған бей-жәй қарап жүргенде оны жоғалтып алуы да қызық болып көрінеді, солай адам еріксіз машинаның жәй бөлшегіне айналып жатқанын байқамайтындай болады.

КАИРОВА Б.Е.

Профессор, философия ғылымдарының докторы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан. 

E-mail: kairovabakit8@gmail.com, https://orcid.org/0009-0008-4797-6330

АМАНИЯЗОВА Б.А.

Магистр, оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

Е-mail: baqdaqul-1977@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-4018-8952

  1. Каирова Б. Ценности казахской культуры: Монография. Алматы: Әрекет-Print, 2007. – 277 с.
  2. Фромм Э. Бегство от свободы. Человек для себя / Пер. с анг. – М.: АСТ, 2006. – 571 с.
  3. Фромм Э. Бегство от свободы. Человек для себя / Пер. с анг. – М.: АСТ, 2006. –348 с.
  4. Камю А. Бунтующий человек. Философия. Политика. Искусство. Пер. А. Руткевич. М.: Политиздат. 1990. – 415 с.
  5. Камю А. Посторонний. Пер. Н.Немчиной. М. Прометей. 1989. – 422 с.
  6. Фрейд З. Я и Оно: Сочинения. М.: ЭКСМО - Пресс: Харьков: Изд-во «Фолио», 2002. – 864 с.
адам, мәдениет, философия, өзін-өзі жүзеге асыру, руханилық, антропология