ҰЛТ ЖАДЫНЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ: АДАЛ АЗАМАТ ФЕНОМЕНІ

Жарияланды 2026-06-30
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 84 № 2 (2026)
Том 84 №2 2026
Авторлар:
  • АМАНИЯЗОВА Б.А.
  • ЖАЛМАҒАНБЕТОВА А.С.
  • ТАСҚЫМБАЕВА Р.Б.
PDF

Бұл мақалада Өзбекәлі Жәнібеков тұлғасы «адал азамат» феномені тұрғысынан қарастырылып, оның ұлттық жадыны жаңғыртудағы және жастар тәрбиесіндегі рөліне талдау жасалды. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы әдіс, контент-анализ, әлеуметтік интерпретация және жүйелік талдау тәсілдері қолданылды. Өзбекәлі Жәнібековтің қоғамдық қызметі ұлттық мәдениетті сақтау мен дамытуға, тарихи әділдікті қалпына келтіруге және рухани құндылықтарды қайта жаңғыртуға бағытталған кешенді процесс ретінде қарастырылады. Сонымен қатар Өзбекәлі Жәнібековтің балалық шағы туралы деректер беріледі. Зерттеу материалдары ретінде Ө.Жәнібековтің кітаптары, қайраткер туралы зерттеулер мен мақалалар қолданылды.Автор оның бастамасымен жүзеге асқан Наурыз мейрамын қайта жаңғырту, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, музей ісін дамыту және Тайқазанды елге қайтару сияқты маңызды тарихи оқиғаларды талдайды. Сонымен қатар, мақалада Өзбекәлі Жәнібековтің жастар тәрбиесіне қатысты көзқарастары, оның ұлттық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы рөлі айқындалады. Зерттеу нәтижелері Өзбекәлі Жәнібеков тұлғасы – ұлттық құндылықтарды сақтаудың, қоғамға адал қызмет етудің және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің үлгісі екенін көрсетті. Оның мұрасы қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтаудың және мәдени қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы.

АМАНИЯЗОВА Б.А.

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: bagdagul-1977@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-4018-8952

ЖАЛМАҒАНБЕТОВА А.С.

Тарих магистрі, оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: amanek_botik@mail.ru, https://orcid.org/0009-0000-2034-8272

ТАСҚЫМБАЕВА Р.Б.

Магистр, аға оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: moldir_merei66@mail.ru, https://orcid.org/0009-0000-5904-5682

  1. Адырбек Б. Өзбекәлі Жәнібек. - Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі», 2021, 384 б.
  2. Жәнібеков Ө. Таңдамалы шығармалар жинағы. - Алматы: ҚАЗақпарат, 2011. 1-кітап-320 б.
  3. Жәнібеков Ө. Тағдыр тағылымы (естеліктер). Алматы: «Рауан», 1996, 192 б.
  4. Жәнібеков Ө. Тағдыр тағылымы (естеліктер). Алматы: «Рауан», 1997, 136 б.
  5. Тәжіұлы Арысбек. Тау тұлға Өзбекәлі Жәнібеков: кітап-альбом. Алматы: Дала Дизайн, 2021, 400 б.
адал азамат, ұлттық жады, жастар тәрбиесі, мәдени саясат, ұлттық бірегейлік, Наурыз, музей ісі