Мақалада Ахмет Байтұрсынұылының «Тіл Құрал» еңбегіндегі синтаксистік бөлімінде берілген мәтін теориясының көріністері талдауға түсіріледі. Мәтін теориясының тіл білімінің саласы ретінде ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап қалыптаса бастағаны белгілі. Ал Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл Құрал» кітабы ХХ ғасырдың бас жағында жазылғанымен, ондағы мәтіннің тілдік ерекшеліктері талдануы сөйлем синтаксисі мен мәтін грамматикасының арасындағы әлі де болса айқындалмай келе жатқан тілдік құбылыстың көріністерін тануға жол ашады. Сөйлемдердің мәтінқұраушылық қызметіндегі ерекше логикалық байланыстар белгілі бір мәтінді ғана емес, жалпы мәтіндерді құраудағы маңызды орын алатын тілдік ережелер ретінде танылуында нақты тілдік үлгілердің мысалында талдануы маңызды.Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлының еңбегіндегі мәтінқұраушылық байланыстардың терең талданып, ерекшеліктері айқындалуы тиіс. Бұл мәселені қарастыруда заманауи лингвистиканың дамып келе жатқан салаларының нәтижелеріне сүйеніп, жаңаша көзқарастар тұрғысынан талдау жасауға ұмтылыс жасау нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлының мәтін теориясының негізін салғанын көрсету керек. Сөйлемдердің күрделі синтаксистік тұтастық құраудағы қызметін және олардың біртіндеп мәтін құратын ірі компоненттерге айналуын бақылау және олардың тұтас ой құраудағы «ізін» анықтау маңызды.
ҚҰРМАН Н.Ж.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы, Астана қ., Қазақстан
E-mail: nessibeli_k@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-5757-9031
- Митина О.В., Евдокименко А.С. Методы анализа текста: методологические основания и программная реализация. Вестник ЮУрГУ, Серия «Психология», выпуск 11, № 40, 2010. С. 29-37.
- Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: АбзалАй, 2013. 640 б.
- Құрман Н.Ж. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі симметрия және асимметрия көріністері және оларды тану қажеттіліктері. Жинақ: «Н.Сауранбаев және қазақ тіл білімі». Н.Сауранбаев мұраларына арналған ғылыми конференция материалдары. Алматы: ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2000. Б.71-76.
- Садовский В.Н., Бернштейн В.О. Общая теория систем / Гуманитарный портал: концепты [Электронный ресурс]. Центр гуманитарных технологий, 2002–2026 (последняя редакция: 25.02.2026). URL: https://gtmarket.ru/concepts/7102
- Гумбольдт Вильгельм фон. «Избранные труды по языкознанию». Москва: Прогресс, 1984. С. 398.
