БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА

Жарияланды 2024-07-04
ПЕДАГОГИКА Нөмір 73 № 3 (2023)
№3 (2023)
Авторлар:
  • A.K. TОГАЙБАЕВА
  • Р.Т.САГАДАТОВ
  • М.Р.ШАМТИЕВА
PDF (English)

Мақалада қазақстандық білім саласына жаңадан енген критериалды бағалау жүйесі туралы мәселе сӛз етілген. Тікелей оқу үдерісіне қатысушылардың, сондай-ақ тұтас қоғамның жаңа технологияларға қарым-қатынасы мен бағалау жүйесінің әртүрлі нормативтік-құқықтық құжаттар мен ғылыми әдістемелік басылымдарда жарияланған түсініктер нақтыланған. Мұғалімдер арасында жиі туындайтын сұрақтарға (Нені және қашан бағалаймыз? Кім бағалайды? Қалай бағалайды?) жауаптар жарияланған құжаттарға сілтемелер жасала отырып берілген және тәжірибелі мұғалімдердің талаптары келтірілген, бірақ, жаһанданған қазақстандық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық жарияланымдарда кӛрініс таппағандығы айқындалған. Критериалды бағалауды енгізудің ӛзекті мәселелері - кері байланыстың тәжірибесі, бағалау нәтижелерін талдау және енгізу арқылы оқу және оқыту туралы талдау айқын негізделген. Бүгінгі күні педагогикалық теория мен практиканың ең ӛзекті мәселелерінің бірі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мәселесі болып табылады. Білім берудің білім парадигмасының қағидаттарына негізделген дәстүрлі бес баллдық бағалау жүйесі білімнің нәтижесін ғана қадағалайды, ал құзыреттілікке және жүйелік әрекеттерге негізделген қазіргі заманға сай балаларға бағытталған білім беру парадигмасы рефлексияны және осы оқу нәтижелеріне қол жеткізуді қадағалап бағалауды талап етеді.

құқықтық-нормативтік құжаттар, ғылыми-әдістемелік жарияланым, қалыптастырушы бағалау, критериалды бағалау, кері байланыс, бағалау әдістері