Мақалада қазіргі білім беру кеңістігіндегі мектептің орны мен мәні, оның стратегиялық бағыты, атқаратын негізгі қызметтері және жалпы білім беретін ұйымдарды басқарудың заманауи тәсілдері жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында мектепті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін факторлар талданып, басқару қызметін ұйымдастыруға қатысты эмпирикалық деректерге негізделген қорытындылар жасалған. Сонымен қатар қазіргі заман талаптарына сәйкес мектеп басшысының басқарушылық қызметін жетілдіруге арналған практикалық ұсыныстар жүйеленіп берілген.
Қоғам тарапынан мектепке қойылатын талаптар әлеуметтік-экономикалық дамудың жаһандық үдерістерімен тығыз байланысты түрде үнемі өзгеріп отырады. Осыған орай қазіргі мектептің басты міндеті – жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік көзқарасы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, дербес тұлғаны тәрбиелеу және дамыту болып табылады. Бұл мақсат білім беру ұйымдарын басқару жүйесін түбегейлі жаңғыртуды, оқушының өзін-өзі дамытуы мен дербес әрекетіне қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Аталған үдеріс жаңа білім беру саясатын қалыптастыру қажеттілігін айқындап, мектепті басқарудың дәстүрлі статикалық моделінен икемді, динамикалық әрі жаңашыл басқару үлгісіне көшуге негіз болды.
Аталған басымдықтар аясында еліміздің білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі заңды құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл өз кезегінде білім беруді интернационалдандыру бағыттарын айқындауды, халықаралық тәжірибелерді саралап қолдануды, жаһандық білім беру үрдістері туралы жан-жақты ақпараттануды және білім берудегі жаһандану жағдайында ұлттық ұстанымды нақты айқындауды талап етеді. Сонымен бірге білім беру саласындағы инновациялық модельдерге саналы әрі теңгерімді көзқарас қалыптастырудың маңызы ерекше екені негізделеді.
ТОГАЙБАЕВА А.К.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Е-mail: aikat_76@mail.ru, http://orcid.org/0000-0002-2071-9536
АБИЛЯШЕВА A.М.
Пeдaгοгикa ғылымдapының мaгиcтpi, Қ.Жұбaнοв атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: Aabilyasheva@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0009-0001-1156-0615
- Паньшина Т.В., Айтпаева Ж.Ж. Педагогикалық менеджмент: Оқулық. – Алматы, 2012. – 248 б.
- Әлқожаева Н.C. Педагогикалық менеджмент: оқу құралы. – Алматы, 2009. -120 б.
- Абилова Б.A., Найманбаева К.К., Султанбаева Л.У. Вопросы организации управления образованием в условиях перехода на 12-летнее обучение // Менеджмент в образовании. – 2013. - №2 (69). – c. 9-11.
- Лукпанов Г.Л. Внедрение науки как основа развития современной школы [Текст]: учеб. пособие/ Алматы: Респ. изд. каб. Каз. акад. образования им. Ы.Алтынсарина, 2000
- Медынский В.Г. Инновационный менеджмент: учебник. – М.: НИЦ ИНФPA-М, 2013. – 295 c.
- Сенькo Ю.В. Гуманитарные основы педагогического образования: учеб. пособие/ Poc. акад. образования, МПСУ. –М.: [Изд-во МПСУ], 2015. – 252 c.
- Козыбаев E.Ш. Взаимосвязь эффективности управленческой деятельности и качества педагогического процесса // Менеджмент в образовании. – 2005. - №3. 35-37 c.
- Умирбекова Ж.Б. Организационно-педагогические основы менеджмента в образовании в условиях глобализации современного общества: автореф. д.пед.н.: 13.00.01. – Атырау., 2010, - 24 c.
- Зюзюкина Н.Ю. Основы педагогического менеджмента в условиях частной общеобразовательной школы [Текст]: автореферат дис. канд. пед. наук: 13.00.01: защищена 21.12.2005/ Каз. нац. пед. ун-т им. Абая. – Алматы, 2005. – 27 c.
