Бұл мақала ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Өтежан Нұрғалиев шығармашылығындағы сатиралық поэтиканың көркемдік табиғатын талдауға арналған. Ақын поэзиясындағы сатира мен юмордың идеялық-эстетикалық қызметі, олардың азаматтық лирикамен, философиялық оймен астасуы негізгі зерттеу нысаны ретінде қарастырылады. Өтежан Нұрғалиев сатираны тек күлкі тудырушы тәсіл ретінде емес, қоғамдағы моральдық-этикалық құндылықтарды саралайтын, адам болмысындағы кемшіліктерді әшкерелейтін пәрменді көркемдік құрал дәрежесіне көтерді.
Мақалада ақынның «Дүниеқоңыз», «Өлең жазатын адам», «Арызқой», «Мен талантты ақынмын», «Дарынсыз драматургке» сияқты сатиралық өлеңдері поэтикалық тұтастық, образ жасау, ирония, сарказм, типтендіру және нақты есім беру тәсілдері тұрғысынан талданады. Сатиралық бейнелер арқылы ақын замандас мінезін, әдеби ортадағы тоғышарлықты, пысықайлықты, жалған бедел мен рухани жұтаңдықты сын тезіне салады. Сонымен қатар Өтежан Нұрғалиев поэзиясындағы юморлық сипаттың жеңіл күлкімен шектелмей, терең әлеуметтік, философиялық мазмұнмен ұштасатыны дәлелденеді.
Зерттеу барысында салыстырмалы-типологиялық, поэтикалық талдау, мәтіндік интерпретация әдістері қолданылды. Мақала нәтижелері Өтежан Нұрғалиев поэзиясындағы сатиралық поэтиканың қазақ әдебиетіндегі орны мен көркемдік маңызын айқындауға мүмкіндік береді және қазақ поэзиясының даму үрдістерін зерделеуде ғылыми-теориялық тұрғыдан маңызды.
ОБАЕВА Г.С.
PhD, аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: gso752@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-2051-0270
СОЙЛЕМЕЗ О.
PhD, профессор, Кастамону университеті, Кастамону қ., Түркия.
E-mail: soylemezo@yahoo.com, https://orcid.org/0000-0002-2758-8436
- Қожакеев Т. Сатира негіздері. – Алматы: Санат, 1996, - 464 б.
- Байтұрсынов А. Шығармалары (Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер). – Алматы: Жазушы, 1989. -320 б.
- Құлмұхамбетов М., Қорабаев С. Сатира. Қазақ ССР. 4 том қысқаша энциклопедия. –Алматы: ҚСЭ, 1989. -517-520 б.
- Мұсаев А.М. Қазіргі қазақ сатирасы» (монография) - Алматы: «Ана тілі», 1993.
- Нұрғалиев Ө. Соғыстың соңғы жазы. Өлеңдер жинағы. – Алматы:Республикалық оқулық баспа орталығы,2012. – 504 бет.
- Нұрғалиев Ө. Өлеңдер- Астана: «Фолиант», 2003, 200 б.
- Нұрғалиев Ө. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы,1977. – 236 б.
