Бұл мақалада қазақ әдебиетіндегі психологизмнің көркем көріністері жан-жақты талданады. Көркем шығарманың басты өзегі – адам болмысы болғандықтан, кейіпкердің ішкі жан дүниесінде жүріп жатқан психологиялық құбылыстарды бейнелеудің түрлі тәсілдері қарастырылады. Кейіпкердің терең сыры мен рухани күйінің оқырман қабылдауына қалай әсер ететіні де назардан тыс қалмайды. Қазіргі әдебиеттану мен әдеби сын үшін психологизм табиғатын зерделеу – теориялық та, практикалық та маңызы зор күрделі мәселе.
Әдебиет адам тұлғасын танытатын өнер болғандықтан, жазушы міндеті – оның рухани әлемін, сезімдік әсерін, дүниені қабылдау ерекшелігін, ішкі шешімдері мен қайшылықтарын көркемдік тұрғыдан ашып көрсету. Психологизмнің негізгі қызметі – өмір ақиқаты мен көркемдік шындықтың үйлесімді байланысын сақтау. Осы орайда даралау мен жинақтау, фактілік дерек пен көркем қиялдың тоғысуы, автор бейнесінің мәтіндегі орны секілді бірқатар мәселелер өзара ықпалдастықта талданады.
Адам жанының нәзік күйін, рухани тазалығын, моральдық ұстанымдарын ішкі ой-сезімдер арқылы бейнелеу ерекшеліктерін анықтау мақсатында Әбіш Кекілбаев пен Төлен Әбдіков шығармалары негізге алынды. Зерттеу барысында талдау және синтез, жүйелеу, контент-талдау, сипаттамалық әдіс сияқты ғылыми тәсілдер қолданылды.
Алынған нәтижелер көркем туындылардағы психологизм құбылыстарын айқындауға мүмкіндік береді және жоғары оқу орындарындағы «Көркем мәтін теориясы» пәніне қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға жарамды.
БАЛТЫМОВА М.Р.
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
E-mail: mbr76@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-2758-8436
- Әуезов М. Анкетаға жауап. – Жұлдыз. – 1991. – №10. – 12-б.
- Литературная энциклопедия терминов и понятий. – Москва: НПК «ИТЕЛВАК», 2001. – 799 с.
- Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. – Алматы: «Жазушы», 1987. – 232 б.
- Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.
- Гинзбург Л. О психологической прозе. – Москва: «Художественная литература», 1977. – 449 с.
- Юнг К.Г. Психология и поэтическое творчество // Самосознание европейской культуры ХХ века. – Москва, 1991. – С. 105.
- Құдайбердіұлы Ш. Шығармалар. – Алматы: «Жазушы», 1988. – 360 б.
- Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. – Алматы: «Алаш», 2003. – 328 б.
- Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. 2-том. – Алматы: «Білім», 1960. – 377 б.
- Аймауытов Ж. Псиқолоғия. – Алматы: «Рауан», 1995. – 309 б.
- Кекілбаев Ә. Аңыздың ақыры. – Алматы: RS Халықаралық Абай клубы, 2016. – 352 б.
- Әбдіков Т. Оң қол. – Астана: «Атамұра», 2003. – 204 б.
- Әбдіков Т. Парасат майданы. – Астана: «Атамұра», 2002. – 208 б.
- Қоңыратбаев Ә. Шеберлік сырлары. Әдеби сын. – Алматы: «Жазушы», 1979. – 316 б.
