НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ХАОСТЫҚ ТЕРБЕЛІСТЕР

Жарияланды 2024-07-03
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА Нөмір 63 № 1 (2021)
№1 (2021)
Авторлар:
  • M. АХМЕТ
  • М. ТЛЕУБЕРГЕНОВА Тлеубергенова
  • А. ЖАМАНШИН
  • З.Т. НУГАЕВА Мухамбеткалиев
PDF (Russian)

Бізге жасанды нейрондық желілер атауымен де таныс болған нейрондық желілер, бейімделгіш
үлгіні тану мен көруде, суретті өңдеуде, ассоциативті жады мен рентген және компьютерлік томографиялық кескіндерді жақсартуда ерекше маңызға ие. Нейронды желілер, ми құрлымына ұқсас, өзара байланысқан көптеген нейрондардан тұрады. Бұл жұмыста нейрондық желілер үшін болжанбайтын тербелістердің жаңа түрі ұсынылатын болады, мысалы, Хопфилд типті нейрондық желілер (ХНЖ), шунтаушы тежегіші бар жасушалық нейрондық желілер (ШТЖНЖ) және инерциялық нейрондық желілер (ИНЖ). Болжанбайтын тербелістер - бұл нейроғылым саласында кездесетін қозғалыстың мүлдем жаңа түрі болып табылады. Нейрондық желінің әр моделі үшін болжанбайтын тербелістің бар болуы және экспоненциалды орнықтылығы зерттеледі. Нейрондық желіде хаостық қозғалыстың болуы болжанбайтын шешімдердің бар болуымен расталады. Әдебиетте алғаш рет болжанбайтын қозулары бар Хопфилд типті нейрондық желілер, шунтаушы тежегіші бар жасушалық нейрондық желілер және инерциялық нейрондық желілер қарастырылды. Бұл мақалада, біз нейрондық желілердің болжанбайтын тербелістерін зерттеудің негізгі нәтижелерін қорытындылайтын боламыз. Теориялық талдаудан басқа, біз барлық болжанған шарттардың орындалғанын ескере отырып, сандық модельдеуді жүргіздік.

Хопфилд типті нейрондық желілер, Шунтаушы тежегіші бар жасушалық нейрондық желілер, Инерциялық жүйке желілері, Болжанбайтын тербелістер, Қатты болжанбайтын тербелістер, Пуанкаре хаосы, Асимптотикалық орнықтылық