Бұл мақалада оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған PISA моделіне сәйкес есептерді қолданудың маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылады. Зерттеу қазіргі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты дамыту қажеттілігін негіздеп, PISA тапсырмаларының ерекшеліктерін, олардың дәстүрлі есептерден айырмашылығын және білім алушылардың шынайы өмірмен байланысты мәселелерді шешу қабілетіне әсерін сипаттайды. Зерттеудің мақсаты – PISA форматындағы математикалық есептерді оқу бағдарламасына тиімді енгізудің әдістемесін әзірлеп, олардың оқушылардың функционалдық және математикалық сауаттылығына ықпалын талдау. Зерттеу барысында мұғалімдер мен оқушыларға сауалнама жүргізу, сабақтарды бақылау және іс-әрекеттік зерттеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар, бағалау құралдары мен рубрикалар дайындалып, есептерді интерпретациялау, математикалық модельдеу және шешім қабылдау дағдылары талданды. Нәтижелер мұғалімдердің PISA үлгісіндегі тапсырмаларға қызығушылығы жоғары екенін, бірақ әдістемелік қолдаудың жеткіліксіздігін көрсетеді. Оқушылардың тапсырмаларды орындауда кездесетін қиындықтары, әсіресе есептің шартын түсіну, математикалық модель құру және шешімді өмірмен байланыстыру кезеңдерінде байқалды. Мақалада сонымен қатар, функционалдық сауаттылықты дамытудың әдіс-тәсілдері, бағалау критерийлері және контекстік есептерді қолданудың артықшылықтары талданады. Зерттеу нәтижелері PISA моделін тиімді пайдалану үшін мұғалімдердің кәсіби дамуы, оқыту процесіне контекстуализацияланған тапсырмаларды енгізу және бағалаудың нақты құрылымын қалыптастыру қажеттігін көрсетеді.
НАЗАРОВА К.Ж.
Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент (ХҚТУ), Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан.
Е-mail: kulzina.nazarova@ayu.edu.kz, https://orcid.org/0000-0002-2093-1879
ДІЛДӘБЕКҚЫЗЫ Ж.
Магистрант (ХҚТУ), Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан.
Е-mail: zhansaya.dildabekkyzy@ayu.edu.kz, https://orcid.org/0009-0006-1512-2651
- Sarmurzin Y., Amanzhol N., Tolubayeva K., Zhunusova M., Amanova A. The impact of OECD research on the education system of Kazakhstan. Asia Pacific Education Review, 22(4), 757-466, 2021.
- Адельбаева Н., Мусина Ж., & Кажимова К. Социально-эмоциональное благополучие школьников, пример Казахстана в PISA-2018. Journal of Educational Sciences (2520-2634), 72(4), 2022
- Zhilbaev Z. O., Syrymbetova L. S., Zhetpisbayeva B. A., Zhetpisbayeva M. A., Akbayeva G. N. The role of international comparative studies in the development of the Kazakhstan education system. Novosibirsk State Pedagogical University Bulletin, (4), 119-133, 2016.
- Kulmukhanova D., Seilkhan A., Aliev N. N., Tungyshbaeva S., & Bekturgan A. The importance of the formation of natural literacy at the secondary education level. Bulletin Series of «Natural-Geographical Sciences», №3 (77), 2023.
- Баешов А. Әмит А. Химия сабағында функционалдық сауаттылықты арттыру:жаңа әдіс-тәсілдер мен қолданылатын тапсырмалар. Bulletin of the «Natural and Geographical Sciences» Series, 82(4), 2024.
- Abylkassymova А., Kappasova, S., Tuyakov, T. and Zhadrayeva, L. 2023. Methodological aspects of functional literacy formation of schoolchildren in mathematics. Bulletin of Abai KazNPU. Series of Physical and Mathematical sciences. 81, 1 (Mar. 2023), 66–73. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.81.1.007.
- Сманова Н. Қазақстандағы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінің рөлі // Bulletin Series of Pedagogical Sciences. 2023. том. 76. №. 4(2022).
- Охасова, Г., Мукатаева, Ж. (2024). Химия сабағында функционалдық сауаттылық тапсырмаларын талдау әдістемесі. Bulletin of the natural and geographical sciences series, 80(2). 10.51889/3005-6217.2024.80.2.003
- Lestariningsih, M., Amin, S. M., & Lutfianto, M. M. (2018). Mathematisation of preservice teacher in solving higher order thinking problem. Proceedings of the University of Muhammadiyah Malang's 1st International Conference of Mathematics Education (INCOMED 2017).
- Almarashdi, H. S. and Jarrah, A. M. (2023). Assessing tenth-grade students’ mathematical literacy skills in solving pisa problems. Social Sciences, 12(1), 33.
- Lestari, Y., As’ari, A. R., & Muksar, M. (2021). Analysis of students’ mathematical literacy skill in solving pisa mathematical problems. MaPan, 9(1), 102.
- Yanto, A. D., Wijaya, M. A. W., & Kohar, A. W. (2023). Critical thinking of students with high and low mathematics efficacy pisa problem: a case of algebraic task. Journal of Mathematical Pedagogy (JoMP), 3(2), 68-80.
- Nasution, R. S., Fauzi, K. M. A., & Syahputra, E. (2019). Developing mathematics problem based on pisa level of space and shape content to measure student’s mathematics problem solving ability. American Journal of Educational Research, 7(10), 660-669
