Бұл мақалада жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған робот қозғалысын модельдеу есептері негізінде алгоритмдік және кеңістіктік ойлауды дамыту әдістемесі қарастырылады. Зерттеу аясында білім алушылардың логикалық, кеңістіктік және алгоритмдік ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пәнаралық тәсіл ұсынылады.
Оқу процесіне ErgoBot симуляторын және қағаз торда орындалатын практикалық тапсырмаларды кезең-кезеңімен енгізудің тиімділігі педагогикалық эксперимент, сауалнама және бақылау әдістері арқылы талданды. Зерттеу Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің 1-курс студенттерімен жүргізіліп, 6 апталық оқыту бағдарламасы барысында 12 робот қозғалысының модельдеу есебі қолданылды.Мақалада робот қозғалысын модельдеу тек техникалық дағдыларды емес, метатанымдық қабілеттерді (жоспарлау, өзін-өзі бақылау, рефлексия) дамыту құралы ретінде сипатталады. Бұл әдістемені педагогикалық мамандықтарда, соның ішінде «Робототехника», «Информатика әдістемесі», «STEM оқыту» пәндерінде қолдану ұсынылды. Осы әдістеме арқылы студенттер тек бағдарламалау негіздерін меңгеріп қана қоймай, нақты өмірлік мәселелерді модельдеу және шешу дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, тапсырмаларды топпен орындау арқылы оқушылардың коммуникативтік қабілеттері мен бірлескен жұмыс істеу дағдылары жетілдіріледі. Бұл болашақ мұғалімдердің кәсіби-әлеуметтік бейімділігін арттыруға ықпал етеді.Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері бұл әдіс арқылы функционалдық сауатты, шығармашылыққа бейім тұлғаны қалыптастыруға болатынын дәлелдейді.
ЖУБАЕВ А.К.
Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
E-mail: azhubaev@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0009-0000-7148-9403
ИХСАНОВА А.С.
Магистрант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: ainsamat@mail.ru, https://orcid.org/0009-0000-7998-3756
- Айтқұлов Б. Т. (2020). STEM-білім беру жүйесінде робототехниканы оқыту ерекшеліктері. Қазақ инновациялық университетінің хабаршысы, 4(36), 92-101.
- Thomas A., & Foster J. (2018). Teaching Robotics with Simulations and Practical Approaches: A Systematic Overview. International Journal of STEM Education, 5(1), 15.
- Mikhailova I. Robotics Education: Challenges and Opportunities in Using VR Tools. European Journal of Engineering Education, 44(3), 2019, 326–341.
- Ермеков Ж. Қ., & Нұрбек А. Қ. Цифрлық трансформация және Қазақстандағы білім беру жүйесінің жаңартылуы. Қазақстан білім академиясының журналы, 1(47), 2022, 45–58.
- Ouyang F., Xu W. (2024). The Effects of Educational Robotics in STEM Education: A Multilevel Meta-analysis. International Journal of STEM Education, 11, 7.