ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ОҚУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ РОЛІ

Жарияланды 2025-09-30
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА Нөмір 81 № 3 (2025)
Том 81 №3 (2025)
Авторлар:
  • НАУРЫЗОВА Н.К.
  • СЕРДАЛЫҚЫЗЫ Н.
  • ТУРМАГАНБЕТОВА З.П.
PDF

Бұл мақалада көру қабілеті бұзылған ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) оқушылардың оқу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бейімделген, қолжетімді және электрондық білім беру ресурсын әзірлеу және оны мектептегі информатика курсын оқытуда тиімді қолдану жолдары қарастырылады. Мақалада инклюзивті білім беруді қамтамасыз етуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) маңызын сипаттай отырып, арнайы оқу құралдарын әзірлеу, құрылымдау және тиімді қолдану жолдары ұсыналады. Жұмыс барысында информатика курсына арналған электрондық білім беру ресурсының құрылымы мен мазмұны нақтыланып, оқушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімдеу әдістері қолданылды. Зерттеу барысында инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) рөлі айқындалып, арнайы білім беру қажеттіліктеріне сай контент мазмұны мен құрылымы нақтыланып, көмекші құрал ретінде пайдалануға болатын электронды білім беру ресурс үлгісі жасалды. Әзірленген ресурс ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне сай дыбыстық қолдау, үлкейтілген қаріптер, түсі анық визуал элементтер және қарапайым құрылым секілді бейімдеу талаптарына жауап береді. Педагогтер мен оқушылардың қатысуымен өткізілген тәжірибелік сынақ барысында ресурстың тиімділігі дәлелденді: оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, оқу жетістіктері жақсарды. Мақалада алынған нәтижелер басқа авторлардың зерттеулерімен салыстырылып, болашақта аталған бағытта жүргізілетін жұмыстарға ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсынымдар беріліп, тәжірибелік қолдану нұсқаулығы жасалды.  Бұл жұмыс инклюзивті білім беру талаптарына сай сапалы білім беру үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді және мұғалімдер мен мамандарға әдістемелік қолдау ретінде ұсынылады.

НАУРЫЗОВА Н.К.

Магистр, аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ, Қазақстан

E-mail: nnauryzova@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-9012-9697

СЕРДАЛЫҚЫЗЫ Н.

3-курс студенті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ, Қазақстан

E-mail: nuraizakirova0@gmail.com, https://orcid.org/0009-0009-1118-6246

ТУРМАГАНБЕТОВА З.П.

4-курс студенті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ, Қазақстан

E-mail: zagypaturmaganbetova@gmail.ru, https://orcid.org/0009-0001-6625-1924

  1. Оспанбаева М.П., Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі: оқу құралы/ Алматы: Қазақ университеті, 2019.- 232 б.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Инклюзивті білім беру: Әдістемелік нұсқаулықтар. – Нұр-Сұлтан: Ұлттық білім академиясы, 2022.
  3. Елисеева И.Г., Ерсарина А.К., Психолого-педагогическое сопровождение детей с особыми образовательными потребностями в общеобразовательной школе: метод. рекомендации/ Алматы: ННПЦ КП, 2019. - 118с.
  4. Инклюзия жағдайында білім беру процесі үшін заманауи ресурстарды пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023. – 184б.
  5. Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В., Создание и использование образовательных электронных изданий и ресурсов: Учебно- методическое пособие / Алматы: Білім, 2006. - 135 c.
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инклюзивті білім беру, білім беру ресурсы, иммерсивті оқу құралдары, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады