Бұл мақалада болашақ педагогтердің кәсіби таңдаудағы мотивациясы (Digital) FIT-Choice шкаласын қолдану арқылы зерттеледі. Ғаламдық цифрландыру мен білім беру ортасының трансформациясы жағдайында педагог мамандығын таңдауға әсер ететін факторларды түсіну өзекті бола түсуде. Зерттеудің мақсаты – халықаралық (Digital) FIT-Choice құралын Қазақстандық контекстке бейімдеу және оның сенімділігін бағалау болды. Зерттеуге педагогикалық факультеттің 417 студенті мен магистранттары қатысты. Әдістеме шкаланы аудару, мәдени бейімдеу және сенімділігін тексеру кезеңдерін қамтыды. Зерттеу нәтижелері шкаланың жоғары сенімділігін және бастапқы құрылымға сәйкестігін растады. Мәліметтерді талдау барысында «кәсіби құзыреттілік» пен «жоғары жүктеме» факторлары жоғары бағаланғанын, ал мотивациялық факторлар ішінде «пәннің ішкі құндылығы», «оқытудың ішкі құндылығы» және «балалар мен жасөспірімдердің болашағын қалыптастыру» алдыңғы орынға шыққанын көрсетті. Бұл болашақ педагогтардың бір жағынан кәсіптің күрделілігі мен кәсіби талаптарын түсінетінін, екінші жағынан оқыту ісінің құндылығы мен жас ұрпақтың болашағына әсер етуге бағытталған ішкі‑альтруистік мотивацияға ие екенін дәлелдейді. Сонымен қатар «қосалқы кәсіп», «әлеуметтік тежеу», «отбасыға уақыт бөлу мүмкіндігі», «цифрлық технологияларды қолданудағы алдыңғы тәжірибе» және «әлеуметтік мәртебе» шкалалары орта деңгейден төмен нәтиже көрсетті. Бұл білім алушылардың педагогикалық қызметті резервтік мамандық ретінде қарастырмайтынын, мамандық таңдауда сыртқы қысымның аздығын, цифрлық педагогикалық тәжірибенің шектеулі екенін және қоғамда педагог мәртебесінің төмен қабылданатынын білдіреді. Бейімделген шкала қазақстандық білім беру ортасында қолдануға жарамды екенін дәлелдеді және бұл құралды педагог кәсібін таңдаудағы мотивацияны одан әрі зерттеу үшін ұсынуға болады. Алынған деректер білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, сондай‑ақ цифрлық трансформация жағдайында педагог мәртебесін арттыруға септігін тигізеді.
МАХАТОВА Г.А.
Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының магистранты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: banu.97@mail.ru, https://orcid.org/0009-0001-5548-9902
РАМАЗАНОВА Д.Ж.
Философия докторы (PhD), жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының доценті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: rdj_82@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-8517-7072
- Babakova L. The motivation for choosing the teaching profession – career orientation and school organizational culture // Education and Technologies Journal. — 2021. — Vol. 12, Iss.1. — P. 16–26. DOI: https://doi.org/10.26883/2010.211.3071.
- Тастанбекова К. Престиж, статус и уважение педагогической профессии в Казахстане: временной, региональный и гендерный анализ данных по заработной плате // Journal of Eastern European and Central Asian Research (JEECAR). — 2020. — Т. 7, № 2. — С. 175–190. DOI: https://doi.org/10.15549/jeecar.v7i2.345.
- Martínez-Moreno J., Petko D. What motivates future teachers? The influence of Artificial Intelligence on student teachers' career choice / J.Martínez-Moreno, D.Petko // Computers and Education: Artificial Intelligence. — 2024. — Vol. 7. — P. 100296. https://doi.org/10.1016/j.caeai.2024.100296.
- Koklu O. A comparative study on motivational factors in choosing teaching profession // International Journal of Comparative Education and Development. — 2022. — Vol. 25, Iss.1. DOI: https://doi.org/10.1108/ijced-07-2022-0050.
- Рамазанова Д.Ж., Махатова Г.А., Займоглы О. Факторы профессионального самоопределения будущих педагогов. (2024). Научный журнал «Вестник Актюбинского регионального университета имени К. Жубанова», 77(3), 63-69. https://doi.org/10.70239/arsu.2024.t77.n3.08
- Watt H.M.G., Richardson P.W. Motivational factors influencing teaching as a career choice: Development and validation of the FIT-Choice scale / H.M.G. Watt, P.W. Richardson // The Journal of Experimental Education. — 2007. — Vol. 75, № 3. — P. 167–202.
- Martínez-Moreno J. Motives for becoming a teacher in times of digital change: Development and validation of the (D)FIT-Choice scale / J.Martínez-Moreno, D.Petko // Education and Information Technologies. — 2024. — Vol. 29. — P. 13221–13245. DOI: 10.1007/s10639-023-12338-8DOI: https://doi.org/10.1007/s10639-023-12338-8.
- Alvariñas-Villaverde M. Initial Motivations for Choosing Teaching as a Career / M. Alvariñas-Villaverde, J. Domínguez-Alonso, L. Pumares-Lavandeira, I. Portela-Pino // Frontiers in Psychology. — 2022. — Vol. 13. — P. 13221–13245. DOI: https://doi.org/10.3389/fpsyg.2022.842557.
- Watt H.M.G. Motivations for choosing teaching as a career: An international comparison using the FIT-Choice scale / H.M.G. Watt, P.W. Richardson, U. Klusmann, M. Kunter, B. Beyer, U. Trautwein, J. Baumert // Teaching and Teacher Education. — 2012. — Vol. 28. — P. 791–805. https://doi.org/10.1016/J.TATE.2012.03.003.
- Saito A. «I chose to receive teacher training because …» Motivations for teaching and career aspirations among teacher education students in Japan // International Journal of Educational Research Open. — 2024. — Vol. 6. — 100330.