Бұл мақала қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі Рәбиға Сыздықованың поэтикалық лингвистика саласын қалыптастырудағы еңбектерін талдайды. Ғалым қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеуде поэтикалық тілдің табиғатын, оның даму кезеңдерін, терминологиясын және әдіснамасын жүйелеп, дербес ғылым ретінде орнықтыруға зор үлес қосты. Оның «Ясауи «Хикметтерінің» тілі» және «Абайдың сөз өрнегі» атты еңбектері түркі халықтарының ортақ әдеби тілі мен қазақтың жазба әдеби тілінің генетикалық негізін анықтауда маңызды рөл атқарды. Зерттеулерінде тілдік тұлғаның (Қожа Ахмет Ясауи, Абай) өмір сүрген ортасы, қоғамдық-әлеуметтік жағдайы, поэтикалық мектебі және тілдік дәстүрлері тұтас қарастырылады. Рәбиға Сыздықова поэтикалық тілді талдауда тілдік құралдарды жіктеп, олардың қолданыс ерекшеліктерін лингвистикалық статистика тұрғысынан зерттеді, эпитет, перифраза, символ сияқты терминдерге нақты анықтама берді.
Ғалымның ғылыми ұстанымдары тілдің генетикалық негізін, поэтикалық мектепті, көркемдеуіш құралдарды және танымдық аспектілерді талдауға негізделеді. Ол поэтикалық тілді эстетикалық, коммуникативтік және информативтік қызметтердің бірлігі ретінде қарастырып, оның мазмұн мен қалып сәйкестігі арқылы көркемдік биікке жететінін дәлелдеді. Зерттеулері лингвистикалық поэтика, семантика және танымдық лингвистика салаларының дамуына жол ашты. Сонымен қатар, Рәбиға Сыздықова ұлттық тілдің әлеуетін пайдаланып, терминологияны байытып, ғылыми баяндауды жалпыға түсінікті етіп жеткізді. Оның еңбектері қазақ тіл біліміндегі заманауи зерттеулер үшін құнды әдіснамалық негіз болып табылады.
МҰРАТБЕК Б.Қ.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік универститеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Е-mail: baglash@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-4100-2534
- Сыздықова Р. Яссауи “хикметтерінің” тілі. Алматы: Сөздік - Словарь, 2004. - 552 бет.
- Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі (Монография). Алматы. “Санат”, 1995 - 208 бет.
- Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. Алматы: Арыс, 2014. - 611 б.
- Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы: Көптомдық шығармалар жинағы. /Рәбиға Сыздықова./ - Алматы: “Ел-шежіре”, 2014. - 384 бет.
- Жұбанов Қ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Қазақ тіл білімінің антологиясы. Алматы: Абзал-Ай, 2013. - 637 б.