Мақалада көшбасшылық және менеджмент терминдеріне анықтама беріліп, олардың айырмашылықтары қарастырылған. Теориялық талдау жасалып, ғалымдардың еңбектерінен ұйымдағы басқарудың маңызы көрсетілген. Мақалада басқару жүйесінің маңыздылығы мен оның тарихи дамуы, сондай-ақ менеджмент пен көшбасшылық ұғымдарының өзара байланысы жан-жақты талданады. Басқарудың бастауы мен эволюциясы, әсіресе қазақ қоғамындағы мемлекеттік басқару тәжірибелері, тарихи тұлғалардың рөлі атап өтіледі. Басқару ұғымының тарихи даму кезеңдерінен бастап, оның негізгі қағидаттары мен функциялары қарастырылады. Сонымен қатар, менеджмент пен көшбасшылықтың ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері, олардың негізгі теориялары мен қазіргі заманғы түсініктері сипатталады. Сонымен бірге, менеджер мен көшбасшы ұғымдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталып, олардың ұйымдағы міндеттері салыстырылады. Көшбасшылықтың түрлері мен тұлғалық қасиеттерінің ықпалы талқыланып, көшбасшы мен менеджер арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар сараланады. Білім беру саласындағы көшбасшылық пен менеджменттің өзара үйлесімділігі ұйымның ұзақ мерзімді табысына қол жеткізудің негізгі факторы ретінде қарастырылады. Басқару мен көшбасшылықтың тиімділігі ұйымның алға қойған мақсаттарына жетуіне тікелей әсер етеді. Мақала ұйымды басқарудағы стратегиялық жоспарлаудың, көшбасшылықтың рөлін арттырудың және кәсіби құзыреттілікті дамытудың маңыздылығын түсіндіруді көздейді.
ТОГАЙБАЕВА А.К.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, жалпы педагогика және педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: aikat_76@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-2071-9536
СЕРҒАЗИНА Н.Н.
магистрант, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: nurbakyt20092003@gmail.com, http://orcid.org/0009-0007-9562-2900
- Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. Менеджмент негіздері - Ақтөбе-Орал: «А-Полиграфия» баспасы, 2005
- Жакенова Б., Тәмпішева Қ., Мақсатова Л. Менеджмент негіздері: оқулық (дәрістер курсы). 2-басылым – Астана: Фолиант, 2011
- Мексон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента, 1992
- Ахтаева Н.С., Әбдіғабарова А.І., Бекбаева З.Н. Басқару психологиясы - Алматы: Бастау баспасы, 2009
- Нортхаус Питер. Көшбасшылық: теория және практика - Алматы, 2020
- Ибрагим Шұға. «Көшбасшылар мен менеджерлердің айырмашылығы неде?», 2023: https://bilimger.kz/137960/
- Maxwell, John C., The 21 Irrefutable Laws of Leadership, (Nashville, TN: Thomas Nelson Publishers) 1999.