Бұл мақалада орта мектептерде робототехниканы оқыту платформаларында виртуалды шынайылық(VR) технологияларын қолданудың маңыздылығы мен болашағы жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында VR технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің әлеуеті, олардың оқушылардың оқу жетістіктеріне ықтимал әсері және робототехниканы оқытудағы мүмкін артықшылықтары мен туындауы мүмкін қиындықтары теориялық тұрғыда талданды.
Виртуалды шынайылық технологияларының оқыту процесіне ықпалы педагогикалық және психологиялық аспектілері тұрғысынан сипатталып, оқушылардың теориялық материалды терең меңгеруіне, шығармашылық және инженерлік дағдыларын дамытуға ықпал ете алатыны атап өтіледі. Сонымен қатар, мақаланың шолу сипатына сай, қазіргі таңда кеңінен қолданылып жүрген бағдарламалық құралдар(Unity, Blender, Arduino IDE) мен VR негізінде білім беру қосымшаларын құрастырудағы тәсілдерге талдау жасалды.
Зерттеу нәтижесінде VR технологияларын оқу процесіне енгізу тек техникалық жаңашылдық өана емес, сонымен бірге дидактикалық тұрғыдан маңызды қадам екені көрсетілді. Қазақстандағы және шетелдік тәжірибелер салыстырылып, болашақта VR технологияларын білім беру жүйесіне кеңінен енгізудің бағыттары мен мүмкіндіктері ұсынылды. Жалпы, мақала VR технологияларының оқушылардың мотивациясын арттыру мен STEM пәндеріндегі үлгерімін жақсарту тұрғысынан үлкен әлеуетке ие екенін айқындайды.
УБАЕВА Ж.К.
PhD, аға оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: zhanar_ubaeva@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-9835-5034
ТОҒАМЫСОВ Ә.О.
магистрант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: togamysovabyl@gmail.com, https://orcid.org/0009-0005-0243-5731
- Burdea G., & Coiffet P. (2003). Virtual Reality Technology. Wiley-Interscience.
- Cheng K. H., & Tsai C. C. (2019). «A case study of immersive virtual field trips in primary school: Students' learning experience and teacher-student interaction behaviors.» Computers & Education, 140, 103600.
- Jordan S. (2020). «The Role of Virtual Reality in Modern Education: A Systematic Review.» Journal of Educational Technology, 45(2), 89-104.
- Thomas A., & Foster J. (2018). «Teaching Robotics with Simulations and Practical Approaches: A Systematic Overview» International Journal of STEM Education, 5(1), 15.
- Kaluza M. (2021). «Exploring VR-based Learning Tools for Robotics Education» Journal of Educational Computing Research, 59(4), 799-822.
- Айтқұлов Б. Т. (2020). «STEM-білім беру жүйесінде робототехниканы оқыту ерекшеліктері» Қазақ инновациялық университетінің хабаршысы, 4(36), 92-101.
- Merchant Z., Goetz E. T., Cifuentes L., Keeney-Kennicutt W., & Davis T. J. (2014). «Effectiveness of virtual reality-based instruction on students' learning outcomes in K-12 and higher education: A meta-analysis» Computers & Education, 70, 29-40.
- Lee E. A. L., & Wong K. W. (2014). «Learning with VR simulation: Exploring the impact of dimensionality on learning outcomes» Interactive Learning Environments, 22(1), 63-77.
- Mikhailova I. (2019). «Robotics Education: Challenges and Opportunities in Using VR Tools» European Journal of Engineering Education, 44(3), 326-341.
- Ермеков Ж. Қ., & Нұрбек А. Қ. (2022). «Цифрлық трансформация және Қазақстандағы білім беру жүйесінің жаңартылуы» Қазақстан білім академиясының журналы, 1(47), 45-58.