«БАБЫРНАМА» ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ КЕЙБІР ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЭТЮДТЕР

Жарияланды 2025-06-30
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 80 № 2 (2025)
Том 80 №2 (2025)
Авторлар:
  • ҚОЖАНҰЛЫ М.
PDF

Мақалада XV-XVI-ғасырлардағы Орта Азия және Қазақстан халықтарына ортақ мұра, ортағасырлық тарихи-әдеби жазба «Бабырнама» ескерткішіндегі кейбір этнографиялық ұғым-атаулардың (этюдтер) тарихи сипаты мен аспектілері  туралы сөз етіледі. Шығарма сол дәуірдегі ата-бабаларымыздың және өзі билік еткен елдердің тыныс-тіршілігі, кәсібі, тіпті, сол заманның ғибраты мол әдет-ғұрыптық (рухани-мәдени) әліппесі мен заңдылығы баяндалады. Мақалаға негіз болған этнографиялық этюдтердің мағыналық  белгілерін танымдық тұрғыдан қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің пайда болуы, дамуы мен қалыптасу тарихына ықпал ететін факторлардың бірі екеніне назар аударып, оларды ғылыми-ақпараттық ресурстарымен бірге, зерттеуші ғалымдар пікірімен негізделіп, ұсынылады, Мұның өзі Шығарманы одан әрі зерттеудің әлі де болса өзектілігін айқындай түседі. Автор, «Бабырнамада» сақталған және ғасырлар бойы қалыптасқан көшпенді түркі жұртына тән этнографиялық этюдтердің кейбір қырларын қазақтың рухани-мәдени әлемімен және оларды тағы бір ой елегінен өткізіп, танымдық тұрғыдан модельге бөліп қарастырады. Қазіргі және кешегі қоғамда да ұл балаларды тәрбиелеудің рөлі мен орны жөнінде соңғы кезде ғылымда пайда болған этнопедиатрия саласын әртүрлі ғылым салаларымен ұштастыра зерттеу өзекті мәселе екенін де ұсынады.

ҚОЖАНҰЛЫ М.

филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті, Астана қ., Қазақстан

E-mail: m_kozhanuly@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-9935-0750

  1. Бабыр Захир ад-дин Мухаммед. Бабырнама. Жоғары кл. оқушыларына арн./Орыс тілінен ауд. Б. Қожабеков. - А.: Жалын, 1990. - 320 б.
  2. Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. - А.: «Сөздік-Словарь» 1997. - 368 б.
  3. Белбеу тастау https://kk.wikipedia.org/wiki/Белбеу_тастау - қараған күні - 21.10.24.
  4. Қайратұлы Б. Жамбы ату https://egemen.kz/article/119922-zhamby-atu---dgauyngerlik-oner - қараған күні - 21.10.24.
  5. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі/Редколл.: А. Ысқақов, Р. Сыздықова, Ш. Сарыбаев. - Алматы, 1966. - 240 б.
  6. Төрт батыр. - А.: Жалын, 1990- 216 б.
  7. Джанузаков Т. Очерк казахской ономастики. - А-Ата: «Наука», 1982. - с. 176.
  8. Қожанұлы М. Қазақ этнонимдер жүйесі (Қазақстанның батыс өңірі этнонимдеріне қатысты тарихи, шежіре және тілдік деректер негізінде). - Аст., 2011. - 448 б.
  9. Мұқанов С. Қазақ қауымы (Тарихтық және этнографиялық шолу). - А.: Ана тілі, 1995. - 304 б.
  10. Қожанұлы М. Мәлім және беймәлім жүз отыз сөз (Қазақстанның батыс өңірі этнонимдері мен генонимдері негізінде). Көмекші оқу құралы (анықтамалық сөздік). - А.: «Қазақ тілі» басп., 2016. - 272 б.
  11. Кенжеахметұлы С. Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім 220 түрі. Көмекші оқу құралы. - А.: Санат, 1988. - 256 б.
  12. Марков А.С. Были Астраханского края. - 2-е изд., доп. - Волгоград: Ниж.-Волж. кн. изд-во, 1976. - 319 с.: ил.; 21 см.
  13. Қожанұлы М. Атырау облысының жер-су аттары. - Аст., 2005. - 144 б.; Қожанұлы М. Атырау өңірінің жер-су атаулары. - Нұр-Сұлтан, 2019. - 174 б.
  14. Қожанұлы М. «Бабырнама» жазбасындағы кейбір әскери өнердің тарихи аспектілері туралы//БҚМУ Хабаршысы №1 (61), 2018. - 295-301 б.
  15. Жанұзақов Т. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - А.:Дайк-Пресс, 2008. - 968 б.
  16. Мойнақ https://kk.wikipedia.org/wiki/Мойнақ - қараған күні - 03.11.24.
  17. Асу https://kk.wikipedia.org/wiki/Асу - қараған күні - 03.11.24.
  18. Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов» - М.: «Мысль», 1984. - 653 с., ил.
«Бабырнама» ескерткіші, этнографиялық ұғым-атаулар (этюдтер), тобық ойнау, белбеу тастау, жамбы ату