Бұл зерттеуде болашақ математика мұғалімдерінің мәтіндік есептерді шешу құзыреттілігін қалыптастырудың мәселелері жан-жақты қарастырылады. Оқыту барысында студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, оларды тәжірибеде қолдану мүмкіндігін де меңгерулері керек. Сондықтан зерттеуде математикалық модельдеу, логикалық ойлау, аналитикалық қабілеттер және тағы басқа да дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Студенттердің мәтіндік есептерді шешу барысында кездесетін негізгі қиындықтары анықталады. Сонымен қоса, студенттер үшін қиындық тудырған тақырыптар талданады. Зерттеу барысында эксперимент жасалды. Эксперимент үш кезеңнен тұрды: бастапқы тестілеу, арнайы әдістемелік сабақтар және қорытынды тестілеу. Эксперимент кезінде студенттерге бірнеше арнайы әдістемелік сабақтар өткізілді. Алғашқы тест нәтижелері болашақ мұғалімдердің қажеттіліктерін айқындап берді. Арнайы сабақтар барысында аталмыш қажеттіліктер, қиындықтар ескерілді. Сабақтарда дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері қолданылды. Сонымен қатар визуалды құралдар, топтық жұмыс, проблемалық оқыту әдістері де тыс қалмады. Қорытынды тест нәтижелері студенттердің есептерді шешу дағдыларының айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Эксперимент соңында студенттерден сауалнама алынып, олардың сабақ жайлы ойлары сұралды. Орын алған тәжірибелік зерттеу болашақ мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға шақырады.
САРКУЛОВА А.Қ.
«7М01501-Математика» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан.
E-mail: sarkulovaayaulym@gmail.com, https://orcid.org/0009-0000-6541-8764
ОМАРБАЕВА Б.Қ.
PhD, математика кафедрасының аға оқытушысы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан.
E-mail: gazizaomarbayeva@gmail.com, https://orcid.org/0000-0002-2136-4431
- Тойбазаров Д.Б., Болашақ математика мұғалімдерін кәсіби даярлауда қолданбалы есептерді пайдаланудың ғылыми-әдістемелік негіздері // философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Талдықорған, 2020. – 45-49б.
- А.Б. Кокажаева, Б.С. Ханжарова, Г.О. Сейтбекова, У.С. Шонбасова, Г.А. Батырбаева., Стандартты емес мәтіндік есептерді шығаруды оқытудың әдіс-тәсілдері // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті хабаршысы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №4(80) – Алматы, 2022. – 113-114б.
- Раков С. А., Формирование математических компетенций учителя математики на основе исследовательского подхода в обучении с использованием информационных технологий // Диссертация на соискание ученой степени доктора наук – Харков, 2005. – 31б.
- Savard A., Preparing future mathematics teacher educators to develop: Mathematics teacher educator and researcher stances // Learning Landscapes, Vol. 14 No. 1 – 2021. – 347-351б.
- Гаврилова Е.Н., Сеитова С.М. Современные требования подготовки будущих учителей как специалистов // Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3 (63), 2019. – 107б.
- Р.Қ.Керимбаева, М.А.Шауенова., Білім беруді интеграциялаудың теориялық негіздері // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті хабаршысы «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(66) – Алматы, 2020 ж. – 55-60б.
- Эльканова А.А, Байчорова С.К, Лайпанова М. С., Дидактические возможности использования информационно-коммуникационных технологий в развитии образовательного процесса // Проблемы современного педагогического образования № 79-2, 2023. – 404б.