Мақалада Батыс Қазақстан аймағындағы өндірістік кәсіпорындардың жаңартылған арнайы киімдерге қажеттілігін зерттеу қарастырылған. Батыс аймақтардың өндіріс орындарында қазіргі таңдағы қолданыста жүрген арнайы киімдердің түрлеріне, ерекшеліктеріне талдау жасалынды. Арнайы киімдерге қойылатын талаптарды ескере отырып, оны дайындау барысында орындалатын міндеттерге назар аударылды. Ақтөбе облысы бойынша әр түрлі өндірістік салалалардың тұтынуына қарай арнайы киім нарығының жалпы сату және сатыпы көлемін анықтаудың маңыздылығы. Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарын қоса алғанда, Ақтөбе мен Батыс Қазақстандағы арнайы киім нарығын талдау. Аймақтағы жұмыс киімінің негізгі өндірушілері мен жеткізушілерін анықтау. Олардың нарықтағы үлесін, жергілікті өндірушілердің ассортиментін немесе халықаралық брендтерді, баға саясатын, сондай-ақ ерекшеліктерін талдау. Қандай компаниялар корпоративті клиенттермен тікелей жұмыс істейтінін және қайсысы дистрибьюторлар немесе бөлшек сауда арқылы жұмыс істейтінін анықтау. Қазіргі таңда жаһандық трендке сәйкес, қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны аз ластайтын экологиялық таза және қауіпсіз материалдарға сұраныс артып келеді. Өндіріс жағдайында да жеңіл, ыңғайлы және сонымен бірге жоғары қорғаныс материалдарын жасау өзекті болып қала береді. Ыстық және салқын климатқа арналған салқындату немесе жылусақтағыш жүйесі бар бактерияға қарсы маталар мен киімдерге қызығушылық артып келеді. Соған сәйкес батыс аймақтардың климаттық ерекшеліктеріне байланысты арнайы киімдерді дайындауға жаңаша өзгерістер қажеттілігі анықталды.
ТАНИРБЕРГЕНОВА С.К.
педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
E-mail: Kalievna_62@mail.ru, https://orcid.org/0009-0009-2184-9648
ТИЛЕУЖАНОВА Р.А.
магистр, аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
E-mail: rugaida88@mail.ru, https://orcid.org/0009-0001-4703-2056
- ГОСТ 12.4.011-89 “Система стандартов безопасности труда. Средства индивидуальной защиты. Одежда специальная защитная”.
- СТ РК ИСО 13688-2016 “Одежда защитная . Общие требования”.
- ГОСТ Р 12.4.280-2013 “Системе стандартов безопасности труда. Одежда специальная для защиты от производственных загрязнений и механических воздействий.”
- Приказ Министра здравоохранения и социального развития РК 08.12.2015.№943 «Об утверждении норм выдачи специальной одежды и других средств индивидуальной защиты работникам организаций различных видов экономической деятельности».
- Закон Республики Казахстан 28.02.2004. №528-2 «О безопасности и охране труда».