ДӘСТҮРЛІ ӘДЕТ ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ ЗАҢДАРМЕН ҮНДЕСТІГІ

cover
Жарияланды 2024-07-02
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 59 № 1 (2020)
№1 (2020)
Авторлар:
  • А.А. СМАГУЛОВ
PDF (Russian)

Мақалада қарастырылған әдет заңдары ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қоғамдық қатынасты
реттеу нормасы есебінде қолданысқа енеді. Бірақ әдет – ғұрып нормалары заң нормасынан аспаған. Ол тек
мемлекеттік билігі бар қоғамның мүддесіне сай заң нормасына айналған. Осындай әдет - ғұрыптардың және
соларға негізделген құқықтық заңдар қоғамдағы реттеуші факторлар арасында беделі басым болуы. Сол
қоғамда әдет – ғұрыпқа негізделген заңдар жинағын қабылдауға негіз болған. Бұл заңдар әр елде, әртүрлі
деңгейде құқықтық күшке ие болып, бірі адамзат баласының мүддесін жан-жақты қорғауға бағытталса, ал
кейбіреулері керісінше сол қоғамның даму саясаты, экономикалық, әлеуметтік жағдайына қарауда
қаталдығымен кӛзге түсті. Сол кездерден бізге дейін жеткен құқықтық ескерткіштерді саралайтын болсақ,
олардың ұстанған бағыты, қамтитын саласы әр түрлі болғандығын байқаймыз, дегенмен қоғамдық ӛмірдің
барлық жағын қамти алмағандығын да кӛреміз. Әдет - ғұрыптың негізгі реттеуші аймағы сол қоғамдағы
адамдар арасындағы, жеке адамдар мен басқарушы мемлекет арасындағы ара қатынасты реттеуші норма
түрінде қолданылады.

әдет заңдары, азаматтық заңнама, үндестік, ерекшелік