Мақалада биология сабақтарында қолданылатын әр түрлі ақпараттық технологияларды қолдану әдістемелерін ұсынады. Ақпараттық технологиялардың артықшылықтарын көрсете отырып, алуан түрлі материалды нақты көрсету, білімді тиімді тестілеу, жұмысты ұйымдастыру формаларының және мультимедиялық модельдер студенттердің санасында биологиялық процестің толық бейнесін қалыптастыруға мүмкіншілігін көруге болады. Мақалада компьютерлік және телекоммуникациялық құралдарын сауатты қолдана білу қажеттілігін және олардың студентерде пәнге қызығушылық тудыратыны сөзсіз және кең көлемде көрнекі мәліметтерге ие болуға мүмкіншілігі бар екенін көруге болады. Ақпараттық технологияны қолдана отырып, зертханалық сабақтарда экранда микропрепараттар суреттерін көрсетуге және ұлпалар құрылымның ерекшеліктерімен танысуға мүмкіншілік алатынын көреміз. Автор сабақтарда қолданылатын мультимедиялық презентациялар оқу материалын тірек суреттердің бейнесі ретінде ұсынуға мүмкіндік беретіндігін және студенттердің жадында ассоциативті түрде де ақпаратты сақтауға қолайлы екенін көреміз.
С.Т. СЫРЫМБЕТОВ
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
- Полат Е.С. “Новые педагогические и информационные технологии в системе образования”. – М., Издательский центр “Академия”, 2005 г. – 272 с.
- Апатова Н.В. «Информационные технологии в школьном образовании». – М., изд-во РАО, 2004 г. -228с.
- Беспалько В.П. «Программированное обучение: Дидактические основы». - М «Высшая школа», 2010. - 95с.
- Захарова И.Г. «Информационные технологии в образовании». – М., Издательский центр «Академия», 2005 г. - 192 с.