Мақала ағылшын тілін оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының зияткерлігін дамыту
мәселесіне арналған. Авторлар ағылшын тілі ресурсының объективті және субъективті құрамдас бөлігінің
бастауыш сынып оқушыларының зияткерлігін дамуытуға әсерін талдайды, жұмыс барысында олар жетекші
педагогтар мен психологтардың тілдік құрылымдарға негізделген ақыл-ой қызметінің рөлі туралы жұмыстарын
зерттеген. Мақалада авторлар Қазақстан жағдайында ағылшын тілін бастауыш сыныптың білім беру үдерісіне
ықпалдастырудың әсерін бағалауға талпынған.
Оқу іс-әрекетінде оқушының зияткерлігін дамыту проблемасы қоғам қалыптасуының әртүрлі
кезеңдерінде әрқашан болған және мектепте бұл міндетті іс жүзінде жүзеге асыру ешқашан толастаған емес.
Мақалада авторлар психолог-ғалымдардың зерттеулеріне сүйеніп, зияттың дамуының адам ағзасы мен
психикасындағы сапалы өзгерістерге әкелетінін ескертеді және бастауыш сынып оқушыларының табысты
интеллектуалды дамуы үшін ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби дайындығының маңыздылығын атап көрсетеді.
Сондай-ақ зерттеушілер ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларын интеллектуалды дамытуда
олардың жеке ерекшеліктері мен шығармашылық әлеуеті ескеріліп, танымдық мотивтерінің өсуі қамтамасыз
етілетінін атап өтеді.
Көптілділік Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясаты стратегияларының бірі болып табылады. Бұл
өз кезегінде бастауыш сынып оқушыларының шет тілін меңгеруге деген ынтасын арттырады. Мұғалімдер
балаларды интеллектуалдық дамыту үшін оқытудың дәстүрлі әдістері мен білім берудің жаңа технологияларын
біріктіруге тырысады. Осыған байланысты мақала авторлары ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын
интеллектуалдық тренингтердің бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық дамуына, үлгерімінің
артуына, тұлғалық және интеллектуалдық өсуіне ықпал ететінін атап көрсетеді.
Н.А. КАРГАПОЛЬЦЕВА
Биография автора
- Гальскова Н.Д., Никитенко З. Н. Теория и практика обучения иностранным языкам. Начальная школа / Н. Д. Гальскова, З. Н. Никитенко. - М.: Айрис-пресс, 2004. – 247 с.
- Асмолов А. Г. Как проектировать универсальные учебные действия в начальной школе. Пособие для учителя / А.Г. Асмолов. — М.: Просвещение, 2008. – 178 с.
- Болдырева О. Н. Методика преподавания английского языка в начальной школе / О. Н. Болдырев. – М.: Академия, 2010. – 215 с.
- Пиаже Ж. Психология интеллекта /Ж.Пиаже.- Санкт-Петербург: Питер, 2003. –314 с.
- Выготский Л. С. Психология развития ребенка / Л. С. Выготский. — М: Смысл, 2004. — 512 с.
- Рубинштейн С. Основы общей психологии / С. Рубинштейн. - М: АСТ, 2019. – 295 с.
- Леонтьев А. Н. Психологические основы развития ребенка и обучения / А. Н. Леонтьев. - М.: Смысл, 2009. – 301 с.
- Гальперин П. Я. Лекции по психологии: Учебное пособие для студентов вузов / П. Я. Гальперин. – М.: Высшая школа, 2012. – 400 с.
- Кабанова-Меллер Е. Н. Формирование приемов умственной деятельности и умственное развитие учащихся / Е. Н. Кабанова-Меллер. – М.: Просвещение, 1968. – 288 с.
- Фридман Л.М. Психология детей и подростков / Л. М. Фридман. – М.: Издательство Института психотерапии, 2004. – 347 с.
- Занков Л. В. Избранные педагогические труды / Л. В. Занков. - М.: Новая школа, 1996. – 235 с.
- Эльконин Д. Б. Детская психология / Д. Б. Эльконин. - М.: Академия, 2011. – 376 с.
- Туркменбаев А. Б., Абдыкеримова Э.А. Пробемалық оқыту технологиясын физика сабағында қолдану / А. Б. Туркменбаев, Э. А. Абдыкеримова // https://cyberleninka.ru/article/n/ispolzovanie-tehnologii-problemnogo-obucheniya-na-urokah-fiziki.
- Барсай Б. Т. Бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігінің негіздері / Б. Т. Барсай // Бастауыш мектеп, 2011. - №12.- Б. 3-5.
- Егизбаева А. С. Методика повышения интеллектуальных способностей учащихся в процессе обучения математике. Диссертация на соискание ученой степени кандидата педагогических наук / А. Егизбаева. Алматы. – 2000. – 141 с.
- Смирнов А. А. Развитие логической памяти у детей / А. А. Смирнов. М.: Педагогика, 1976. - 256 с.
- Давыдов В. В. Теория развивающего обучения: монография / В. В. Давыдов. – М.: Интор, 1996. – 544 с. – URL: http://psychlib.ru/inc/absid.php?absid=9298
- Богоявленский Д. Н. Психология усвоения орфографии / Д. Н. Богоявленский. – М.: Издательство Академии педагогических наук РСФСР. - 1957. - 416 с.