СТУДЕНТТЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІЛІК ТҰҒЫРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланды 2024-03-26
ПЕДАГОГИКА Нөмір 75 № 1 (2024)
№1 (2024)
Авторлар:
  • Н.А.ЫРЫМБАЕВА
  • М.Т. МЫРЗАПЕИСОВА
PDF (English)

Мақалада студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы жүйелілік тұғырдың рөлі мен мүмкіндіктері қарастырылады. Бүгінгі таңда ақпараттық құзыреттілік цифрлық дәуірдегі негізгі дағдылардың біріне айналып отыр. Ақпаратты тиімді табу, талдау және бағалау мүмкіндігі қазіргі қоғамға бейімделу үшін қажет. Бұл тек техникалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар ақпаратты сенімді дереккөздерден іздеу, сыни тұрғыдан ойлау және ақпаратты этикалық тұрғыдан пайдалану қабілеттерін де қамтиды. Осы орайда студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту білім беру мекемелерінің маңызды міндетіне айналуда.
Ақпараттық құзыреттіліктің жоғары деңгейіне ие студенттер оқуда және болашақ кәсіби қызметте де табысты болатыны анық. Демек, студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту процесі жүйелі түрде жүзеге асып, әртүрлі білім беру әдістері мен тәсілдерін қамтуы керек.
Зерттеу тақырыбына сәйкес мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне шолу жасалынған. Соның негізінде автор білім алушылардың ақпараттық дағдылары мен сыни ойлауын дамыту контекстінде жүйелік тұғырдың тиімділігін талдайды. Қазіргі білім беру контекстінде студенттердің ақпараттық құзыреттіліктерін жан-жақты дамытуға ықпал ететін оқытуға интеграцияланған және жүйелі көзқарастың маңыздылығы атап өтіледі. Зерттеу нәтижелері студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытуды күрделі ұйымдастырылған біртұтас жүйе ретінде қарастыра келе, мүмкіндіктер мен ұсыныстар береді.

Н.А.ЫРЫМБАЕВА

Пед󠀁агогика каф󠀁едрасы, Л.Н.Гум󠀁илев аты󠀁ндағы Еур󠀁азия ұлт󠀁тық уни󠀁верситеті, докторант

nur󠀁gul.a@int󠀁ernet.ru

https://orcid.org/0000-0003-1862-0462

М.Т. МЫРЗАПЕИСОВА

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана

https://orcid.org/0009-0000-3614-3212

  1. Sarybekov M.N., Sydyknazarov M.K. (2015). Slovar' nauki. Obshhenauchnye terminy i opredelenija, naukovedcheskie ponjatija i kategorii. Uchebnoe posobie [Dictionary of Science. General scientific terms and definitions, scientific concepts and categories. Study guide]. Almaty: Trium «T» [in Russian].
  2. Kazakstan Respublikasy Gylym zhane zhogary bіlіm ministrіnіn 2022 zhylgy 20 shildedegi № 2 bujrygymen «Zhogary zhane zhogary oru ornynan kejіngі bіlіm berudіn memlekettіk zhalpyga mіndettі standarty» [By order of the minister of Science and higher education of the Republic of Kazakhstan dated July 20, 2022 No. 2 "state mandatory standard of Higher and postgraduate education"]. Electronic resource: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200028916 25.02.2023 [in Kazakh].
  3. Morkovina Je.F. (2005). Razvitie informacionnoj kompetentnosti studenta v obrazovatel'nom processe: diss.kand.ped.nauk [Development of the student's information competence in the educational process: Dissertation of the Candidate of Pedagogical Sciences]. Orenburg [in Russian].
  4. Mukasheva A.A. (2009). Formirovanie komp'juterno-informacionnoj kompetentnosti studentov vuza v processe professional'noj podgotovki: avtoref. diss.kand.ped.nauk [Formation of computer and information competence of university students in the process of professional training: abstract of the dissertation of the Candidate of Pedagogical Sciences]. Cheljab. gos. un-t – Cheljabinsk [in Russian].
  5. Novaja filosofskaja jenciklopedija: v 4 t. (In-t filosofii Rossijskoj akad. Nauk) (2010). [The New Philosophical Encyclopedia: in 4 volumes]. 2-e izd., M.: Mysl'7 [in Russian].
  6. Judin Je.G. (1978). Sistemnyj podhod i princip dejatel'nosti [A systematic approach and the principle of operation]. M.: Nauka [in Russian].
  7. Vinograj Je.G. (2014). Sistemno-dialekticheskij podhod: teorija i metodologija: monografija [System-dialectical approach: theory and methodology: monograph]. Kemerovo [in Russian].
  8. Kuznecova A.G. (2000). Razvitie sistemnogo podhoda v otechestvennoj pedagogike konca 60-h - 80-h godov XX veka: avtoref. diss.dokt.ped.nauk [The development of a systematic approach in Russian pedagogy in the late 60s - 80s of the XX century: abstract of the dissertation of the Doctor of Pedagogical Sciences]. Habarovsk [in Russian].
  9. Techieva V.Z. (2001). Sistemnyj podhod k organizacii i osushhestvleniju uchebnogo processa: sushhnost', soderzhanie, osobennosti strukturirovanija: avtoref. diss.kand.ped.nauk [A systematic approach to the organization and implementation of the educational process: the essence, content, and features of structuring: abstract of the dissertation of the Candidate of Pedagogical Sciences]. Vladikavkaz [in Russian].
  10. Taubaeva Sh.T. (2013). Pedagogika adіsnamasy. Oku kuraly [Methodology of pedagogy. Training manual]. Almaty: Karasaj [in Kazakh].
  11. Taubaeva Sh.T. (2020). Pedagogikalyk zertteulerdіn adіsnamasy men adіsterі: okulyk [Methodology and methods of pedagogical research: textbook]. Ster. bas. – Almaty: Kazak universitetі [in Kazakh].
  12. Galiev T.T., Esekeshova M.D., Isakova G.O. (2019). Zhogary oku orny bіlіm alushylarynyn kasіbi kuzyrettіlіgіn kalyptastyru: oku kuraly [Formation of professional competence of students of higher educational institutions]. Nur-Sultan [in Kazakh].
  13. Isaeva G.O. (2021). Zhogary oku orny bіlіm alushylarynyn kasіbi kuzyrettіlіgіn zhujelіlіk tugyr negіzіnde kalyptastyru: Filosofija doktory (PhD) darezhesіn alu ushіn dajyndalgan dissertacija [Formation of professional competencies of university students on the basis of a systematic basis: a dissertation for the degree of Doctor of Philosophy (PhD)]. Nur-Sultan [in Kazakh].
құзырет, құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік, жүйе, тұғыр, жүйелілік тұғыр.