Мақала қазақ қоғамындағы XVIII-XIX ғғ адат пен шариғат тақырыбына арналған. Қазақ даласы Ресей империясының құрамына енгеннен кейін билік аймақты отаршылдық басқару қажеттіліктеріне
бейімдеу үшін түрлі шаралар қабылдады. Осындай шаралардың бірі ресейлік шенеуніктер қазақтардың талап арызын талдау үшін қолдануға үміттенген адатты кодификациялау болды. XIX ғасырдың ортасына дейін қазақ қоғамындағы басқару жүйесінде әдет-ғұрып құқықтары басым болды. Патша үкіметі қазақтардың әдет-ғұрып заңдарының өміршендігін көріп, отаршылдық саясатын жүргізу мақсатымен адатты бірте-бірте әлсірету жолына көшеді. Қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып нормаларының өзгеріске ұшырауының басты себептерінің бірі Қазақстанның Ресейге қосылуы. Қазақтың әдеттегі құқығын қабылдаудағы қайшылықтар тек саяси интрига емес еді - олар Ресейдің отаршыл әкімшілігі жағдайында жергілікті құқық туралы әртүрлі деңгейдегі идеяларды көрсетті. Мақалада тақырыпқа қатысты отандық және шетел тарихшылардың тұжырымдарына, революцияға дейінгі орыс шенеуніктерінің рапорттары мен этнограф ғалымдарының жинақтарына талдау жасалынады. Сол кезеңдегі қазақ қоғамындағы адат пен шариғаттың атқарған рөлі мен маңыздылығы, айтылады. Сонымен бірге патша үкіметінің ислам құқығы шариғатқа қатысты жүргізген саясатының себептері мен нәтижесі көрсетіледі.
З.Қ.МАТЕНОВА
магистрант, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан,
e-mail: matenova.z@mail.ru https://orcid.org/0009-0004-2244-710X
Г.Б. ИЗБАСАРОВА
профессор, тарих ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе
e-mail: izbassarovagulbanu@gmail.com https://orcid.org/0000-0002-4123-7501
- Вирджиния Мартин. Закон и обычай в степи: Казахи Среднего жуза и российский колониализм в XIX веке. – Алматы: Центр оперативной печати КазАТиСО, 2012. 16-40 бет;
- Мажитова Ж.С. Шариат и/или адат в казахском праве (первая половина XIX в.) // Исламоведение. – 2015. Том 6. № 3. 25-33 бет;
- П.Сартори, П.Шаблей. Эксперименты империи. Адат, шариат и производство знаний в Казахской степи. - Новое литературное обозрение, 2019. 5 бет;
- ДʼАндре. Описание киргизских обычаев, имеющих в орде силу закона [1844 г.] // С.В.Юшков (ред.). Материалы по казахскому обычному праву. Алма-ата, 1948. 119-158 бет;
- Баллюзек Л.Ф.Народные обычаи имевшие, а отчасти и ныне имеющие, в Малой Киргизской Орде силу закона // ЗапОренИРГО,1871, вып. ІІ. Перепеч.в: С.В.Юшков, ред. Материалы по казахскому обычному праву. Алма-Ата, 1948. 161-222 бет;
- Красовский. Область Сибирских киргизов, 3 том. СПБ, 1868. 54 бет;
- Максимов Н. Народный суд у киргизов // Журнал юридического общества. 1897. 48-80 бет