МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Жарияланды 2024-03-26
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 75 № 1 (2024)
№1 (2024)
Авторлар:
  • Ж.К.БАСШИЕВА
  • О.М.КАЛИЕВА
PDF

Күрделі әлеуметтік-экономикалық ортада жұмыс істейтін заманауи компаниялар нарықтық экономикада олардың тиімділігін қамтамасыз ететін әртүрлі технологияларды әзірлеуде. Кез-келген кәсіпорынның дамуы, тың жаңалықтарды игеру арқылы жүретіні белгілі. Олардың негізгілері, ең алдымен, бәсекелестік ортаға қажетті ақпаратты іздеу және жинау болып табылады. Сондықтан компаниялар үшін маркетингтік ақпаратты жинаудың заманауи әдістерін анықтау ең басты басымдылықтардың бірі. Кәсіпорындардың тиімді жұмыс жасауы және олардағы дұрыс шешімдердің қабылдануы ең алдымен талдаулар мен зерттеулердің сапасына, жылдам жиналуына тікелей байланысты болады, сондықтан зерттеулерді жүргізу кезінде тиімді және ұтымды әдістерін таңдау өте маңызды. Бұл ғылыми мақалада маркетингтік зерттеулер жүргізуде қолданылатын жаңа әдістердің түрлері қарастырылады. Ғылыми жұмыс маркетингтік зерттеулердің ең танымал заманауи әдістерін талдайды және сипаттайды, мысалы, онлайн қауымдастықтардағы зерттеулер, әлеуметтік медиа зерттеулері, үлкен деректерді талдау.

Ж.К.БАСШИЕВА

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан,

e-mail: Basshieva1973@mail.ru

https://orcid.org/0000-0002-7975-8791

О.М.КАЛИЕВА

профессор, экономика ғылымдарының докторы, Орынбор мемлекеттік университет, Орынбор, Ресей,

е-mail: kom34@rambler.ru https://orcid.org/0000-0001-9577-4073

  1. Basshieva Zh. Marketing management. Textbook. Aktobe-2022y.-154p.
  2. Basshieva ZH. Marketing technologies of oil and gas companies. Monograph. Aktobe- 2020y.-140p
  3. Басшиева Ж.К.Маркетингтік зерттеулер. Оқу құралы. - А-полиграфия. Ақтөбе. 2018ж.-222 б.
  4. https://openu.kz/kz/books/37
  5. The Economist Intelligence Unit,s Quality-of-life Index: [Elektronnyy resurs].–Rezhim dostupa: http://www.economist.com/media/pdf/ QUALITY_OF_LIFE.pdf
маркетинг, маркетингтік зерттеулер, маркетингтік ақпарат, ақпаратты жинау әдістері, онлайн-қауымдастық, әлеуметтік желінің құралдары, үлкен ақпараттарды талдау