Бұл мақалада авторлар қылмыстық процестегі дәлелдемелердің рӛлі туралы мәселені
қарастырады. Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер қылмыскерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз
болады. Бұл аспект зерттеу үшін маңызды болып табылады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу
кезінде дәлелдемелерді пайдаланудың рӛліне ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, мақалада авторлар
қылмыстық процестегі дәлелдемелерді бағалау мәселесін, атап айтқанда, дәлелдемелерді бағалау
критерийлерін, дәлелдемелік фактілерді қылмыстық іс бойынша үкім шығару кезінде жол берілмейтін деп тану
негіздерін қарастырады. Авторлар дәлелдемелердің жалпы қабылданған сипаттамаларын, сондай-ақ
қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясын оқып-үйрену кезінде туындайтын даулы мәселелерді
қарастырды. Сондай-ақ, мақалада соңғы ӛзгерістер мен толықтырулармен Қазақстан Республикасының
қылмыстық іс жүргізу заңнамасы талданады.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ БАҒАЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН РӨЛІ
дәлелдемелер ұғымы, дәлелдемелер белгілері, дәлелдеу кезеңдері, қылмыстық іс жүргізу, дәлелдемелерді бағалау, дәлелдемелердің құндылығы, дәлелдемелер түрлері, дәлелдеу субъектілері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ БАҒАЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН РӨЛІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 62(4). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/355