Мақалада қарым-қатынасқа бейім, ӛз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, кӛп тілді
меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру қазіргі заманның басты талабы екендігі негізге алынады. Полиглот-
тұлға, дискурстық құзыреттілік терминдерінің мәні ашылып, оның дискурстық құзыреттілігінің сипаттамасы
беріледі. Полиглот-тұлға термині мен кӛптілді тұлға терминінің айырмашылығы анықталады. Коммуникативтік
құзыреттіліктің ӛзге түрлерімен, бағдарлармен сабақтастығын анықтау және дискурстық құзыреттілігін
қалыптастыратын әмбебап бағдарлар сипаттамасын беру басты назарға алынады. Сондықтан тілді меңгертуде
міндетті түрде тіл үйренушінің жан-жақты қабілетін жетілдіруге бейімдейтін (тілдесу, оқу, сӛйлесім, қатысым)
құзіреттіліктердің түрлі деңгейі болатыны анықталады. Тілдік құзіреттілік жоғары деңгейде қалыптасса,
тұлғаның кәсіби деңгейі де арта түсетіндігі айтылады.
ПОЛИГЛОТ-ТҰЛҒАНЫҢ ДИСКУРСТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ӘМБЕБАП БАҒДАРЛАР
полиглот-тұлға, кӛптілді тұлға, дискурс, коммуникативтік құзіреттілік, дискурстық құзіреттілік, әмбебап бағдарлар
ПОЛИГЛОТ-ТҰЛҒАНЫҢ ДИСКУРСТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ӘМБЕБАП БАҒДАРЛАР. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 62(4). https://doi.org/10.70239/