Мақалада GeoGebra динамикалық бағдарламалық құралының көмегімен геометрияны кәсіби-бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік аспектілері ашылған. GeoGebra бағдарламасы математиканы көрнекі және оңай үйренуге мүмкіндік беретін қуатты функционалдылыққа ие. Жұмыста білім алушылардың өз бетінше танымдық белсенділігін ынталандыратын, олардың кәсіби ұтқырлығына ықпал ететін тапсырмалардың құрылымы мен мазмұны сипатталған. Тәжірибелік жаттығулардың құрылымына сәйкес мысалда келесі: негізгі салулардың қадамдарын сипаттайтын нұсқаулық; нақты бейнені тікелей құрастыруға арналған тапсырмалардың үлгілері; білім алушылардың өздік жұмысының тапсырмасы – нұсқаулықтарды әзірлеу және басқа фигураның бейнесін толықтыру сынды құрамдас бөліктері қосылған. Кез келген стереометриялық есептерді шешу геометриялық денені (үш өлшемді геометриялық фигура) және осы денені құрайтын фигураларды салудан басталады. Ол үшін негізгі геометриялық элементтер (нүкте, кесінді) кезең-кезеңімен салынады. Бұл мақалада нақты мысалдар негізінде GeoGebra бағдарламалық құралын пайдалана отырып, нүктелер, векторлар, сызықтар, конустық қималары бар құрылымдарды (геометриялық фигуралар мен денелер) жасауға, содан кейін оларды динамикалық түрде өзгертуге болатыны көрсетілген. GeoGebra динамикалық бағдарламасы арқылы компьютерлік модельдеу нәтижесінде геометриялық фигуралар мен сызбалар көрнекі болып шығады. Сәйкес сызбаны жасау процесінің өзі нұсқаулық болып табылады, бұл стереометрияны зерттеу кезінде өте маңызды.
GЕОGEBRA ДИНАМИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ГЕОМЕТРИЯНЫ КӘСІБИ- БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кәсіби бағытталған оқыту, GeoGebra бағдарламалық құралы, стереометрия, студенттердің танымдық қызметі, интерактивті геометрия, геометриялық дене
GЕОGEBRA ДИНАМИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ГЕОМЕТРИЯНЫ КӘСІБИ- БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 70(4). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/275