Мақалада ағартушы-ғалым А.Байтұрсынұлының зерттеулеріне талдау жасалып, оның тіл мәселелеріне қатысты тұжырымдарының ХХІ ғасыр тіл ғылымы парадигмасындағы негізгі ой-пікірлермен сабақтастығы анықталған. Авторлар А.Байтұрсынұлының зерттеулері қазақ тіл ғылымының ХХ ғасыр басындағы парадигмасын, нақты айтқанда, қазақ тілін синхронды сипаттайтын модель құрғанын негіздейді. Оған дәлел сапасында ғалымның зерттеулерінің тіл ғылымына кейін келген ғалымдардың өз зерттеулерін жүргізуіне бағдар бергенін және кейінгі ғалымдардың бұл оқу құралдарында шешімін таппаған ғылыми мәселелерді табуына, оны анықтауына, сипаттауына түрткі болғандығын ұсынады. Өз ой-қорытындыларын Т.Кунның парадигмаға берген анықтамасымен дәйектейді. Ахмет Байтұрсынұлы идеяларының Ф.де Соссюрдің «тіл, тілдік қабілет, сөз, сөз әрекеті» терминдеріне қатысты ойларымен сәйкестігін анықтап, ғалымның кейбір пікірлерінің қазіргі тіл ғылымы парадигмасына енетін психолингвистика, лингвопрагматика бағыттарының зерттеу мәселелері сипатын дәл беретінін баяндайды. Сондай-ақ мақалада ғалымның сөйлеу, сөз, тіл, сөз шығару терминдерін қандай мағынада жұмсағанына талдау жасалған. А.Байтұрсынұлы еңбектерінің эмпирикалық базасына сипаттама беріліп, тіл ғылымы түсініктері мен ұғымын арнайы мақсатта таңдалған мәтіндер негізінде түсіндіруімен ерекшеленетіндігін көрсеткен. Негізгі нәтижелер ғалымның зерттеу еңбектерінен нақты үзінді келтіру және оны ХХІ ғасырдағы тіл мәселелерімен сабақтастыра талдау арқылы алынған.
- Kun T.S. Struktura nauchnykh revolyutsii (perevod s angliiskogo I.Z. Naletova). – M., 1975 psylib.ukweb.net/books/kunts01
- de Sossyur F. Trudy po yazykoznaniyu. Perevody s frantsuzskogo yazyka pod redaktsiei A.A.Kholodovicha. M., 1977
- Baitūrsynūly A. Qazaq tıl bılımınıñ mäselelerı. Qūrastyrğan: Ğ.Änes. – Almaty: «AbzalAi» baspasy, 2013. – 640 bet