Мақалада сөзжасам саласының грамматикадан бөлініп, дербес сала болып қалыптасуы мен
даму кезеңдері талданады. Жалпы тіл білімінде сөзжасамға байланысты жарық көрген көптеген зерттеу
еңбектерінің сөзжасам мәселелерін тіл білімінің жеке саласы ретінде қарастыруға әсері туралы ой қозғалады.
Онда сөзжасамның зерттеу объектісі, оған не нәрселердің жататын-жатпайтындығы, оның тілдік құбылыстар
жүйесіндегі алатын орны, тілдің өзге қабаттарымен байланысы, қоғамдық-әлеуметтік мәні сияқты күрделі
мәселелердің басы ашылып анықталды. Сөзжасам проблемалары қазақ тілінің алғашқы грамматикаларында,
оқулықтарында қандай дәрежеде көрініс тапқандығы сараланады. Бұл мақалада лингвист ғалымдардың зерттеу
жұмысын саралай келе, қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесінің зерттелу тарихын диахронды принципке сүйене үш
кезеңге бөліп қарастырған дұрыс деген тұжырым жасалынды.
СӨЗЖАСАМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
тіл білімі, сөзжасам жүйесі, сөзжасамның зерттелуі, диахронды зерттеу.
СӨЗЖАСАМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 60(2). https://doi.org/10.70239/