Тілдің дамуы – тіл құрылымында жаңа сөздердің пайда болу үдерісімен тікелей байланысты. Бұл үдеріс тілдің басқа салаларына қарағанда, алдымен, лексика аясында көрініс табады, себебі қоғамдағы болып жатқан кез келген жаңалық, алдымен, тілде
қалыптасады. Ал қазіргі кезең жаҺандану кезеңі болғандықтан мәдени, саяси және экономикалық жаңалықтар сипаты тілге де өз өрнегін салып жатқаны белгілі. Бұл, әсіресе, бұл тілдің лексикалық және сөзжасамдық жүйесінен көрінеді. Жаңа құрылымдар тілдің барлық қабатында да пайда болып, қолданылып жататындықтан неологизмге тек сөздер ғана жатпайды, барлық жаңа тілдік бірліктер құрылымы да, мағынасы да қоса алынады. Сондықтан аталған мәселені зерттеп-зерделеу қазіргі тіл біліміндегі өзекті мәселелер қатарында. Бұл мақалада тіл біліміндегі жоғарыда көрсетілген мәселе, яғни неологизация мәселесі сөз болады. Атап айтар болсақ, неологизмдердің пайда болуы мен оның түрлері баяндалады және олардың неологизм қатарына ену жолдары талданады. Аталған мәселелерге қатысты ғалымдардың пікірлері қоса көрсетіліп, ерекшеліктері қса баяндалады. Семантикалық неологизмдердің пайда болу жолдары нақты мысалдармен дәлелденеді. Талдау барысында салыстырмалы, салғастырмалы, лингвистикалық тәсілдер қолданылады.
- Humboldt V. Selected works on language. Moscow: Progress publ., 1984. — 397 P.
- Kade T. H. Basic factors of dynamics of the lexical system / / Philology = Philoljgia. - Krasnodar, 1994. - No. 3. - Pp. 12-15
- Svidersky V. I. Of dialectics of relations. - L.: izd-Vo Leningr. in UN, 1983. - 137 P.
- Filin F. P. Notes on lexicology and lexicography (some issues of vocabulary for the greater word of the Russian language of the USSR) // lexicographic collection. Moscow, 1957.1- pp. 36-57.
- Gak V. G. Language transformations. - Moscow: Shk. "Language of Russian culture", 1998. — 768 P.
- Kotelova N. Z. First experience of lexicographic description of Russian neologisms / / new words and words of new words: SB. St. - L., 1978. - PP. 5-26.
- Glushkov N. K. from the history of the problem of neologisms/ / Russian language. - Alma-Ata, 1970.2. - p.85-100.
- Musabaev G. Problems of Kazakh linguistics. - Almaty, 2014. - 640 P.
- Barlybayev Expansion and distribution of the meaning of the word in the Kazakh language – Almaty,1968-230 P.
- Syzdyk R. Old and novelties in the Kazakh language. Almaty, Arys, 2009. -269 P.
- Karagulova B. S. fundamentals of the field of Neology. - Aktobe, 2020-135 P